Мәшһүр- Жүсіптің ,,Сарыарқа кімдікі?» деген кітабы

Мәшһүр- Жүсіптің ,,Сарыарқа кімдікі?» деген кітабынан үзінді.
8- ші том.
Қазақ халқының алғашқы Орыс патшасына қарамақ болған уақыттарында елшілікке Иван Семеныч деген полковник келеді. Онымен таласа Қытайдан да елші келеді. Бұл екеуінен басқа қазақтың өз ішінен Кенесары, Наурызбай шықты. Сонда Кенесары, Наурызбай қазақ халқына айтты: ,,Өз еркіміз өзімізде, жер -суымыз , бас- мал билігіміз өзімізде, басқаға бағынышты болмай, өз алдымызға жеке тәуелсіз табанды еркін ел болайық!»- деп, барлық қазақ халқын үгіттеп, ,,Патша үкіметіне бағынба!»- деп патша үкіметіне қарсы көтеріліске шақырды.
Ол күндегі қазақтың атқамінер арамтамақ қулары өз қарақан бастарының қамын ойлап, көпшілік еңбекшіл қара бұқараның қамын, келешегін ойламай, аз күндікке алданып, аз нәрсеге жалданып, зерлі- шекпен, медальға сатылып патша үкіметінің алдау, арбау айласына еріп, Кенесары , Наурызбайдың тілін алмады. Қазақ халқының ынтымақсыз, алауыз екі жақ болғандығынан Кенесары, Наурызбайдың өрісі ұзай алмады. Оларға бір жақ емес, төрт жағынан жау шықты. Ақыр соңы Аалатаудағы қырғыз Жанқараш, Жантай балаларының қолында өлді. Кенесары, Наурызбайдың қазақ еліне:»Патша үкіметіне бағынба!»- деп айтқан өлең сөздері,,- деп ақын мына сөздерді жазады.
Бағынба, қазақ, орысқа,
Бағынсаң, қазақ, орысқа,
Осы бастан амандас
Сарыарқа деген қонысқа!
Береке кетер асыңнан
Билік кетер басыңнан
Неге некен, некен күйерсің!
Күйдіруші табылып,
Көршілес жақын қасыңнан
Қызығып тұрсың байқамай
Күйгеннен зарлап айтам- ай,
Көрінісі орыстың,
Текеметтің түріндей
Ойлағаны арамдық
Жарадан аққан іріндей.-

Деп патшаның зұлымдығын айтады.

Абақты деген үйі бар.
Қазулы даяр көрі бар,
Қызыл қарын , жас бала
Обалына қаласың.
Кейінгі үрім -бұтақтан
Қарғыс бір нәлет аласың!
Құтқарайын сендерді,
Соңымнан ерші, ерінбей!
Кене хан бұлайша дегенмен, қазақ халқының өлгендегі жауы жуандары, сатынды, арамтамақ қулары бұларға ермеді, тізгінін бермеді. Қайта патша үкіметіне қосылып, Кенесары, Наурызбайға қарсы жау болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *