Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы зерттеулері бойынша мұндай сиырларды бір шаруашылыққа шоғырландырса, оларды сүтейтуде жеңілірек болады. Қашарларды зоотехникалық мөлшермең азықтандыру арқылы, олардың сүт өнімін 15-20% арттыруға болады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан обылысы «Мамлют» асыл тұқымды мал зауытында алғашқы бұзаулаған 80 сиырдың сүті 212 кг дейін жетсе, сүтінің майлылығы 3,82% болған. Сиарды осылай сүтейту нәтижесінде әрбір сиырдан 450 кг қосымша сүт сауылған, ал сүтінің майлылығы 0,1% артқан.
Тәжірибе шаруашылықтарында алғашқы бұзаулаған сиыр бақылау
қораларына көшірілгеннен кейін, 1,5-2 ай желіндерін уқалау нәтижесінде, желіні уқаланбаған сиыр мен салыстырғанда сүті 368 кг немесе 17% артқан.Солтүстік Қазақстан облысы «Бишкуль» тәжірибе стансында алғашқы бұзаулайтын сиырлар жақсы дайындалған соның нәтижесінде олардан орта есепнен 4678 кг сүт сауылған.
Зертеулерге қарағанда бақылау қорасынан алғашқы бұзау сиырлардың желін көлемі үлкен және ондағы дәнекер көп, түрі тостаған немесе дөңгелек тәрізді болып келсе, сүті жақсы сауылған және машинамен саууға да қолайлы болған. Қораларды бұзаулатуға дайындаудың және олардың келешекте сақа сиырға айналғанда сүтті болуына әсерін тигізеді.
Алғашқы бұзаулаған сиырдан 3000 кг сүт сауылса, сақа сиырға айналғанда жылына 5000 кг сүт алуға болады.
Асыл тұқымды шаруашылықтарда бақылау қорасы бар болса, қосымша әрбір 100 басқа 1 лаборант және 1 техник жұмыс істеуге бөлінеді. Лаборант ай сайын сиыр сүтінің майлылығын, ондағы белокті, желінінің әр бөлігінен шығатын сүтін, тез сауылғыштығын, желіннің морфологиялық — физиологиялық ерекшелігін, өлшемін анықтайды. Техник он күн сайын малдың жеген азығын есептейді, ай сайын сиыр желінін бақылайды және сүт мөлшерін анықтайды, құжаттарды жөнге келтіреді, сонан соң алғашқы бұзаулаған сиырларды қолдан ұрықтандырады. Тауарлы шаруашылықтардың бақылау қораларында да үнемі сүт өнімін және сүтінің майлылығын, желіннің морфологиялық-физиологиялық ерекшелігін сауын сиыр машинамен саууға жарай ма, жоқ па соны анықтайды. [13]
Негізгі сиыр табынын жақсы өскен, сүтті типке жататын, желіні тостаған және дөңгелек тәрізді, төрт бөлігі бірдей жетілген, емшектері цилиндір тәрізді, ұзындығы 6-8 см, машинамен саууға қолайлы алғашқы бұзаулаған сиырлармен толықтыруға болады. Ал тез семіретін және сүтін үнемі азайтатын сиырларды мал бордақылау табынына қосады. Сиырлардың тұяғына көңіл бөлген жөн, себебі жаңа технологиялық жағдайда сиырлар көбінесе темір еденде болады. Сондықтан олардың тұяқтарын үнемі бақылап, сынықтарын кесіп, ретке келтіріп отыру қажет. Сонда сиырлардың тез семіруіне жағдай жасалады.
Бақылау қорасында алі ашқы бұзаулаған сиырларды сүтейтудің нәтижесінде бұқаларды өз ұрпақтары бойынша бағалау жүзеге асады. Жаңа технологиялық жағдайларда бұқалардың өз ұрпақтарында жақсы қасиеттері сақталатындығы анықталады.
Сонымен бақылау қорасының нәтижелі екендігін:
бірінші — сиырлардың сүтейгендігінен;
екінші — жаңа технологиялық өндірістік типке бейімделгендігінен;
үшінші — алғашқы бұзаулаған сиырларға сүтейту шараларын қолданып, оларды өндірістік табындарға дайындауға мүмкіншілік туғанынан;
төртінші — бұқаларды өз ұрпақтарының касиеті бойынша бағалаудан анықтаймыз.
Сауын сиыр шаруашылығын жаңа технологиялық жағдайда өркендетуге сиыр тұқымын және өнімін жақсартуға малды асылдандырудың маңызы зор және малды асылдандырудың тәсілі де, селекциялық бағытта өзгереді. Егер бірнеше жыл бүрын сауын сиырлардың сүттілігіне және сүтінің майына ғана көңіл бөлінсе, қазіргі уақытта сүт белогына, желіннің түріне, сүт сауылғыштығына, сүтке жұмсалған жем-шөп мөлшеріне, дене пішінінің типіне және әр түрлі ауруларға шалдықпауына қарайды.
Осыларды орындауда сиырды жақсы азықтандыра отырып, үнемі бір бағытта сұрыптау керек.
Мұндағы негізгі мақсат сиыр табынынан сүті аз сиырларды шығарып, сүттілерін және ұрпақтарында тұқым қуалаушылық жақсы қасиетін сақтайтын сиырларды қалдыру қажет. Ауру және кәрі сиырлар сүтсіз және сүтінің майлылығы аз сиырлар (сүтінің майлылығы сиыр табынының көрсеткіштерінен 0,2-0,3% кем болса табыннан шығарылады, әрі сиыр табынынан дене пішіні кысыңқы, конституциясы нәзік, экстерьерінің кемістігі бар сиырлар да шығарылады. [14]
Т.Б. Гиматдиновтың 1976 зертеуі бойынша қырдың қызыл сиыры табыны орта есеппен майлылығы 3,7%, 4000 кг сүт берсе, 305 күннің ішінде майлылығы 3,7% кем, 2400 кг-нан сүт берген сақа сиырлар бұл табыннан шығарылады. Сиыр табынын толықтыратын тайынша-қашарлардың сүті енелерінің сүтінен 100 кг артық болуы қажет.Асыл тұқымды бұқашық енелерінің көрсеткіштері де 1,5-2есе артық болуы шарт. Мысалы, табындағы сиырлардың сүті 3000 кг, сүтінің майлылығы 3,8% болса, асыл тұқымды бұқашықтардың енелерінің сүті 5000 кг, сүтінің майлылығы 4% кем болмауы тиіс. Мұндағы негізгі мақсат, сиыр табынының орташа сүт көрсеткіші артқан сайын, сұрыпталатын сиыр сүтінің де стандарт көрсеткіші арта береді. Егер табындағы сиырлардың сүт көрсеткіштері әр түрлі болса, сүті аз сиырларды жыл аяғында табыннан шығарады. Сиыр табынынан кәрі сиырлардың 10 және сүті аз сиырлардың 5-10 пайызы шығарылады.