Ерімбет Көлдейбекұлы, Қарасақал Ерімбет

Ерімбет Көлдейбекұлы, Қарасақал Ерімбет (1844-1916) —ақын. Шыққан руына орай елге Қарасақал Ерімбет болып танылған. Хиуадағы «Шеккі Хазірет» медресесінде оқып, білім алған. Жыраулық, жыршылық, әншілік, ақындық, сал-серілік өнері тоғысқан Қарасақал Ерімбет пен оның өнерпаздық айналасы: Базар оңдасұлы, омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Даңмұрын Кенжебекұлы, Әзілкеш Шымырұлы, оңғар Дырқайұлы, Жарылқасын Сырманұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы т.б шайырлар Сыр бойының жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырды. Қарасақал Ерім бет шығыстық дидактика-философиялық мазмұндағы әде би дәстүрді одан әрі дамытып, ислам дінінің гуманистікағартушылық идеяларын қазақ поэзиясының поэтикалық өзегімен тұтастыра жырлады. Сондай-ақ ол қазақтың дәстүр лі айтыс өнеріне де өзіндік ерекшелігімен үлес қосты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *