ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘСІЛДЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘСІЛДЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

 

 

Қазіргі білім беру ісі жаңаша бағытта, адам санасын тазарту, оны жоғары деңгейге көтеру үшін жұмыс істеуі тиіс. Ұлы адамдар, данышпандар, ағартушылар, ғалымдар мен жазушылардың барлығы дерлік осы ыңғайда іс атқарған.

Өзін-өзі тану курсы біздің күнделікті өміріміздегі көкейкесті мәселелерді шешуімізге, қарым-қатынас жасауымызға көп көмек көрсетеді. Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым — қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде

қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалай қалыптасуға болады ? Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі — өзін-өзі тану. Өзін-өзі тану курсы адамгершілік тақырыптарын қамтитын материалдар жинағынан тұрады. Ол студенттің өз ойын жинақтап жеткізуге ғана емес өзін танып, тексеруге мүмкіндік береді. Өзін — өзі тану курсы бір күндік емес, ғұмыр ұзақтығындай жол. Сондықтан бұл пәнде берілген даналардан шыққан ұлы сөздер, би-шешендердің айтқандары біздің өмірімізге бағыт – бағдар береді.        

Адамдар көбіне өзіне жақын адамдармен немесе симпатия тудыратын, ұнайтын адамдармен жақын қарым-қатынас орнатуға бейім келеді. Индивидке  басқа адамның психологиялық мәселесін қарым-қатынас пен толық әсерлесу негізінде қарастыру керек. Психологиялық ғылымда психлогиялық әсер және әсерлесу мәселесінің зерттеулері кең таралған. Олар бір мезетте теориялық әрі қолданбалы болып табылады.                     В.Н. Куликов көрсеткендей, бұл мәселеде толық ғылымның қоғамдық практикасы мен қажеттіліктерінің сұраныстарының негізі жатыр. Топтық әсер және әсерлесу мәселесі — бұл  психиканы  толық және оның жеке бөліктерін өздігінен басқару әдістері психологиялық ғылым өзектілігінің бірі. Психология даму теориясы психиканың бейнелеу формасынан басқа психикалық қалыпына, функциялануы мен дамуына тән білімдер мен әдістерді қамтуы керек. Жеке адам және топ теориясы бұл аталған феномендердің негізін ғана емес, сонымен қатар олардың сөздік және сөздік емес әдістерін және оларды басқару мен өзіндік басқару түрлерін ендірді. 

Мысалы: Ертеде  Фейербах  танымның субектісі сана деп түсіндірді, сана адамға тән рухани құбылыс екен көрсеткен. Ал адам Фейербех  түсінігінен кеңістік пен уақытта өмір сүретін адамға ешқашан  жете алмайды  «адам» деген  абстракциядан   өте алмайды, тек сезім санасындағы «шын, тәні бар, адамды мойындаумен  шектеледі.

Дегенмен таным субьектісі деп жеке адамдарды, топтар мен әлеуметтік топтарды, тұтас тарихи   қоғамды айтуға  болады. Демек, субьект аз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным обьектісі ретінде қарайды. Таным процесі адамның дүниені тануының тарихи қалыптасқан құрылысына, танымның даму дәрежесіне байланысты.

Өзін -өзі тану мен өзін-өзі дамыту өз уақытында қолдау көрсете отырып, кеңес беруді, көмек көрсетуді, өзінің тәжірибесіне немесе өзге адамдардың тәжірибесіне сүйенуге үйрететін оқытушылардың тактикалық сүйемелдеуін қажет етеді.

Өзін — өзі тану дегеніміз не?

Өзін-өзі тану – бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану процесі.

Өзін-өзі   танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:

  • өзін-өзі тану –  жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық хал жағдайын тануы;
  • өзін-өзі тану –  ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;
  • өзін-өзі тану –  жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі  жетілдіруінің негізгі жолы.

 Өзін-өзі тану мәселелерінде негізінен гуманистік психологияға ерекше мән беріледі. Мұнда өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі, өзін-өзі актуализациялау ретінде қаралады, яғни, өзі кім болғысы келсе, сондай болуға қабілеттілігі, басқалардың айтуымен немесе әлеуметтік ортаның әсерінен болуы  емес (К. Роджерс).

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.

Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Өзін-өзі тану  — бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ жасап қабылдау және бағалай білу. Студенттік жастағы маңызды психологиялық процесс – бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға образының, өзіндік “Меннің” қалыптасуы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *