сана – мәдени феномен ретінде өз қылықтарының тұрақтылығын сақтауға және индивидтің игерген әлеуметтік құндылықтарға зейінділікпен жауапкершілік сезімін басынан кешіруге мүмкіндік береді.
4.Жеткіншектің қатынас іс-әрекетінде өзіндік сана қалыптасып, негізгі
жаңа құрылым — әлеуметтік. сананың ішке аударылуына мүмкіндік туады.
Сондықтан, өзін «мен» ретінде ұғынуы, тұлғаның өзіндік санасының дамуы, өз
бетінше шынайы іс-әрекеттің субъектісі ретінде, өсу үрдісінде орын алады.
5.Өзін-өзі тәрбиелеу күрделі реалды үрдіс және бұл құбылысты зерттеу, оның өтуінің объективті заңдылықтарына негізделген. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі нақты логикалық құрылыммен сипаталады.
6.Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде зейін механизмдерін зерттеудің практикалық маңыздылығы ерекше.
7.Жеткіншектердің зейін қасиеттерін: шоғырлануын, тұрақтылығын және іскерлігі мен іс-әрекеттерінің деңгейін анықтау, олар оқу-тәрбие жұмысына, өзін-өзі тәрбиелеуіне нақты кеңестер беруге мүмкіндік туғызады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Өзіндік сананың теориялық мазмұны мен өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдерінің байланысы және талаптану деңгейін, өзін-өзі бағалауды анықтау арқылы нақты зейін касиеттерінің деңгейлері зерттелді. Өзін-өзі тәрбиелеу мен зейін қасиеттерінің теориялық негіздері және эксперименталды зерттеулердің мүмкіндіктері қарастырылды. Солардың негізінде оқушыларға, ата-аналарға және педагог-психологтарға нұсқау кеңестер ұсынылды.
Жетекші идея
Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның өзіндік санасымен және зейіннің қасиеттерімен тығыз байланысты. Өзіндік сананың нәтижелігі тәрбиелеу үрдісінде талаптану деңгейі мен өзін-өзі бағалауды ескеріп, оқу-тәрбие шараларын арнайы ұйымдастыруға тәуелді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізіне Л.С. Выготскийдің (мәдени-тарихи теориясы), А.Г. Спиркиннің (сана және өзіндік сана тұжырымы), Ч. Кулидің, Дж.Г. Мидтің, Д. Бемдердің (өзіндік сана және оны қалыптастыру туралы теориялары), В.И. Селиванованың, А.Г. Ковалевтің, Л. И.Рувинскийлердің (өзін-өзі тәрбиелеу туралы теориялары), Б.П.Ананьевтің, С.Л. Рубинштейннің және Ж.Ы Намазбаеваның (тұлғаны дамытуда кешенді қатынас жүйелері), Н.Ф. Добрыниннің (зейінді эксперименталды зерттеулері) басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:
-өзіндік сана мен өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялық-әдіснамалық мазмұны ашылды;
-өзін-өзі тәрбиелеуде зейін қасиеттерін дамытудың практикалық
мүмкіндіктері талданды;
— зейін қасиеттерінің өзін-өзі тәрбиелеуде алатын орны мен дамытуға қажет ерекшеліктерін дұрыс бағдарлауға мүмкіндік туғызатыны дәлелденді;
— зерттеу мақсатына байланысты әдістер мен әдістемелерді практикалық іске асыру жолдары жүйеге енгізілді;
-өзін-өзі тәрбиелеуде қолданылатын психологиялық мүмкіндіктер
оқушыға, ата-аналарға және педагогтарға, нұсқау-кеңес түрінде құрастырылып ұсынылды.
Зерттеуде қолданылатын әдістер мен әдістемелер: Шварцландердің «Талаптану деңгейін анықтау», Будассидің «Өзін-өзі бағалау» әдістемелері;
-Мюнстерберг-Дворяшина және Бурдонның «Корректуралық сынақ»
эксперименталды әдістемелері;
-практикалық зерттеуде алынған мәліметтерді статистикалық өңдеуде χ2—критериінің деңгейін анықтайтын әдіс;
-әңгімелесу әдісін кейбір мәселелі жағдайларды толықтыруда қолдану.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, кестелерден (диаграммалар мен гистограммалардан), суреттерден, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.