Әдеби сөздік

СөЗДІК
Абадан—бастаушы
Ажам /а/—араптан басқа халықты осылай атайды.
Азан—намаз уақытының болғандығын хабарлау
Азан-хәумет—азаншысы және жамағаты
Айкіл—айтұмар мағынасында
Айтмақ—айтпақ
Айттыкүм—айтты
Алай болсын—солай болсын
Алар—олар
Алаша—әр түске боялған жіптерден арасына арқау салып түрлі-түсті жіптерді жарыстыра отырып жолақтап немесе теру арқылы көп мінерлі өрнекпен тоқылатын тақыр кілем, төсеніш.
Алдылар—алды
Андағ—сондай
Андан—онан
Андас—дос, жолдас
Андин—сонан
Аны—оны
Аның үшінкүм—оның үшін
Антмақ, ант /п/—серт, уәде (анттасу, серттесу, уәделесу)
Аңа /к.с/—оған
Арзу, арду /а, п/—арыз, өтініш
Арсылан—арыстан
Асылы—нәсілі, тегі
Атадылар—атады
Ауазлар /п/—1. Дауыс, үн, дыбыс, 2. өлең
Ашкідет /ж.с/—жерік
Ашықлық—ғашықтық
Әма—бірақ, содан Әмә—күллі, бүкіл
Әуләтләрі—әулеттері
Әшкере /т/—ашықтан-ашық, жария
Әшірә-әшірәт /а/—мүліктің оннан бірі
Бағлап /т/—байлап
Бақпаспын—күтпеспін
Балиғ /а/—бәлиғатқа толу, ержету
Бап (бабы) /п/—жарасымды, үйлесімді, сәйкес, күйі, шабыты, т.б. мағынадағы сөз
Бастас—сырлас, мұңдас, пікірлес
Бәднам /п/—масқаралау, жаманатты ету
Бәрак Алла /а/—Алланың жақсылығы, нұры түссін
Бегірек—өте, тым, аса, тіпті
Бенен—менен
Беңа /т/—маған
Бергіл—бергін
Биғайт, биғаят /а/—бағынышты
Бұзғыл—бұзғын
Бұндин—бұнан, мұнан
Бықпырт /қ/—жан-жаққа шашылу, шақ-шәлекей болу
Бізлер—біздер
Білмәсләр—білместі, ұқпасты
Бірлән—бірге
Второй /о/—екінші
Гуаһлық беру—куәлік беру
Гүзел /т/—сұлу, көрікті, әдемі, сүйікті
Ғаділ /а/—әділ, тура, шыншыл
Ғайри, ғайыр /а/—басқа, өзге тұқым-туыстармен
Ғайт /п/—соңы, ақыры
Ғайт көрікті—өте көрікті, аса көрікті
Ғақылды (ақылды) /а/—ақылды, есті, көргенді адам
Ғамзада (әму /а/ + зәде /п/)—ағайындылардың балалары
Дарақ /п/—оңаша өскен ағаш
Дарваза, дарбаза—қораның, мекенжайдың сыртқы үлкен қақпасы
Дахи—және, тағы да
Дая—басыбайлы қызметші; бала бағушы
Дейділер—дейді
Дейләр /т/—дейді.
Диуана, дуана—ризығын көктен тілеп, кәсіпсіз жүретін адам; дәруіш
Емді—енді
Ергеншек /ж.с/—киіз үйдің есігі
Ерді—еді
Ердім—едім
Ерміш /т/—еді, екен
Ерні—ерді
Ерішті—ерді, ұлғайды
Еслері—естері
Естігеш—естісімен
Жанлық—жанды, тірі
Жәпек—жібек
Жәфат, жүфұт /п/—жұп, зайып, қосақ, жұбай
Жіберің—жібергін
Зағиф /а/—соқыр, әлсіз, нашар, ауру
Запы (запы болды)—ығыр болу, жүрегі шайлықты
Зәңгі—зор, үлкен; қара түсті адам; дастандық шығармаларда қаһарманға қарсы тұратын сүйкімсіз кейіпкерлер көп жағдайда зәңгі аталады
Зи һәжі /а/—һижыра жылының соңғы айы
Зина /а/—нәпсіқұмарлық, жезөкшелік, тұрақсыздық, бұзықтық; неке бұзушылық
Зира, зираки /п/—өйткені, себебі
Зияпат /а/—қонағсы, дастарқан жаю
Зумурат /а/—меруерт тас
Иасын төгіп—жасын төгіп
Игырма—жиырма
Илә—және
Имен /п/—аман
Ирсә /т/—сөйтсе, сөйтіп
Иүклі /т/—жүкті
Ихтіләм /а/—қосылу, жасау
Ишаншылы—жоғарғы, атақты дін басшысы, кеңесші
Кеусенмасах—жалдамалы шаруа (астық масақтап, үлесін алатын қызметкер)
Көргізгіл—көргізгін
Көрміш—көрген
Күмішім /т/—күмісім
Кіре—жалдамалы күш көлігі
Қайттылар—қайтты
Қара құлақ—есейген, марқайған төл
Қаралды—пошымы, пішіні
Қарамал—жылқы, түйе сияқты ірі қара малдардың денесіне бөртіп шығатын ұсақ жара.
Қари /а/—құранды жатқа айтатын адам
Қасына—жол жүруге ниет қылып деген мағынада
Қашмақ /т/—қашпақ
Қисап /а/—есеп
Қозыилән—қозыменен
Қоймыш—қоятын
Құнысу—денені тік ұстамай бүкшию, бүкірею, иілу
Құрығ—құрғақ
Құяш /ө/—күн
Ләкин /а/—бірақ, дегенмен, бәлкім
Ләшкар—әскер
Ленссан Каізабуй /а/—тек қарғыс тілді азғырушыларға байланысты сөз.
Мақам /а/—болу, мекен, тұрақ
Манат—барқыт тәрізді сырт киімдік бағалы шұға
Марту /а/—«албасты» деген мағынадағы сөз. Ескі наным бойынша, әйел бейнесіндегі қас күш
Мәзжүб /а/—тартымды, сүйкімді, әдемі
Мәзүр машғұл /а/—жұмыс істейтін, бос емес
Мәулет—белгілі бір істі, тапсырманы орындауға берілген уақыт, мерзім; мүмкіндік
Мәһәр, маһир /а/—ұста, шебер.
Мәшһұр /а/—әйгілі, атақты, даңқты, белгілі
Меңа—маған
Мигир, мәгәр /п/—тек қана
Мизаж /а/—көңіл-күй
Миһрлы, меһирлы /п/—мейірлі
Мұндағ—мұндай
Мүбәрак, мүбәрәк /а/—берекелі, қасиетті, құтты
Мүкәммал /а/—дүние-мүлік, қазына-байлық
Мүпти /а/—дінбасы
Мызажы /а/—көңіл-күй
Нам /п/—есім, ат
Наумит/а/—үмітсіз, дәмесіз.
Нәзір /а/—құдай жолына берілетін садақа, қайыр
Нәсібіліге—несібеге
Некүмән—күмәнсіз, таза
Нетік—не шара, не
Нешік—не, қандай деген мағынада
Нышан—белгі
Олтыр—отыр
Оразалы—басына жақсылық үйір, құт-берекелі, бақытты
Отцовство /о/—ноқта ағасы деген мағынада
Ошарыла /ж/—жаппай, қопарыла көшу
Пана—жарлық берді деген мағынада
Партия—Қандай да бір қоғамдық таптың мүддесін қорғап, ортақ мүдде негізінде біріккен, өкімет билігіне ұмтылатын саяси ұйым
Пәришан /п/—қапалы, қайғылы, қасіретті
Пәсті /п/—нашар, бәсең, төмен (тағдың пәстісі—таудың етегі)
Первый /о/—бірінші
Рауан /п, т/—жүру, қозғалу, жылжу
Рәсім /а/—әдет-ғұрып, жол-жора, салт-дәстүр.
Сақлағыл—сақтағын
Салбұрын—аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу ісі
Сарт—1. Саудагер, бақалшы. 2. ұйғыр, өзбек, тәжік секілді саудамен айналысатын қала жұрты
Сейхұлхәрәм, шейхұлхарам /а/—теріс насихат жүргізетін арамза моладар
Сенікі олсын—сенікі болсын
Сеңа—саған
Сеңсең—марқайған қозының қырқылмаған, өскелең жүндес терісі.
Сой /ж.с./—арғы заты, тегі, түбі, сүйегі
Сойғап—мәтін бойынша, аяулы, қастерлі, сүйікті
Сонар—қалың қар жауып ашылғаннан кейінгі аңға шығуға қолайлы тынық күн
Сұрағақ—атақ
Сұрадылар—сұрады
Тағ /т/—тау
27-85
Тағатлық (тағат) /а/—бойсұну (құдайға), жаратқанның бұйрығына көну, шыдамдылық, төзімділік, сабырлық
Тақайыр—айныды, өзгерді
Талақ /а/—ажырау, ажырасу; әйелін тастау және дүниеден, тіршіліктен безу деген мағынаны береді; жоқ болу, қирау
Талима—талайыма
Тамам /а/—барлық, күллі, дүйім; бітті, аяқталды
Тамға—таңба
Тәжород /п/—бойдақ, дара, жалғыз
Тезқатар /ж.с/—ашушаң, мінезі жеңіл
Тоңғыз—доңыз
Тұғды—туды
Тұғымыш—туған
Тұл қалды—жесір қалды
Тұттылар—билік жүргізді, басқарды
Тұту—1. ұстау, 2. билік жүргізу, басқару Түгенмес—түгемес, таусылмас
Түсеу—затты немесе адамды түсінде көру
Уағда /а/—уәде
Ұғлан—ұл
Ұғыл—ұл, ер
Үгіретті—үйретті
Үшбу /а/—осы
Фалак (пәлек) /а/—1) көк, аспан, көк күмбезі; 2) бақыт, жазмыш, тағдыр
Фәни, пәни /а/—тұрағы жоқ, баянсыз. Алдамшы, өткінші, опасыз дүние
Фируза /а/—көк түсті асыл тас.
Фота, пота—алтын жалатылған қымбат белбеу
Хақ /а/—шындық, күмәнсіз ақиқат; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі.
Хамле /а/—жүкті, екіқабат (хамле болмыш—жүкті болыпты)
Харабот /п/—сопылардың нәпсілерінен арылып, тазару үшін бас қосатын орын
Харам /а/—шариғат бойынша, тыйым салынған, яғни ішіпжеуге, қолдануға жарамайтын нәрсе [Құран Кәрімде бұл түсінік
71 жерде қолданылған]; заңсыз, таза емес
Хасыл /а/—нәтиже, жүзеге асу, дайын
Хижра /а/—мұсылманша жыл санауы. 622 жылы мұсылман дардың Меккеден Мәдинаға көшкен жылынан басталады
Хош—жақсы, дұрыс, орынды
Хошы кетіп—есі кетіп, есінен танып, көңілі ауып
Хошыға келді—есін жиді
Һалатта—сол жағдайда, мезетте, кезде
Һәләк /а/—жан тапсыру, қирау, әлек болу
Һәм /п/—және
Һеш—еш
Һодһод /а/—көкек, бәбісек, Сүлеймен құсы, тарақ басты құс.
Һүнді—үнді
Шариғат /а/—адам өмірінің барлық жай-жапсарын қамтитын мұсылман дінінің заңы, ережелері.
Шаһариар [шаһар /п/—төрт, яр /т/—жар, серік]—
Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) төрт серігі: Әбубәкір, омар, оспан, Әли. Кейде «төрт жар» деп те аталады. Бұлар араб халифатын билеген төрт әділетті халифтер болып, тарихта «алхулафа ар-рашидун» деген атпен белгілі.
Шаһарияр, чаһарияр, шадияр / п /—падишах, билеуші, жиһангер
Шәр, шаһар /а/—қала
Шегелік—тігелік, жегелік
Шомлар /п/—бақытсыздар
Шонда—сонда
Шоныки—сонымен
Шөңке—ас пісіретін шағын ыдыс
Шүлен—ақысыз, тегін, пұлсыз таратылатын ас, тағам. Құрбандық шалу, тасаттық беру мағынасында да келеді.
Шүршіт—қытай-маньчжур текті халықтардың қазақтар арасында тараған жалпылама атауы. Кейінгі орта ғасырлардан бастап, 19 ғасырдың соңына дейін кеңінен қолданылған. Қазақтар тілі шүлдірлеп тұрған қытайлықтарды көріп, Шүршіт деп атаған. Кейбір деректер бойынша, бойларының қысқалығына байланысты шыққан. Кейіннен қытай атауы Шүршіт сөзін ығыстырып шығарды
Шүһрат, шүһраты /а/—атақ, даңқ
Іңірітші /т/—аң аулаушы деген мағынада

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *