Қыпшақ

Қыпшақ—қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халық тарының негізін құрған ежелгі тайпа, орта ғасырларда орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі. Қыпшақ атауы алғаш ежелгі түркінің Шина усу ескерткішінде кездеседі. Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, IX ғасырдағы қыпшақтардың құрамына қимақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі т.б. рулар мен тайпалар енген.
Қыпшақтар түрік қағанаты ыдырағаннан кейін алғашында қимақ қағандығының құрамында болып, XI ғасырда бөлініп шықты. Шыңғысхан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын орда) тарихшылар Дешті қыпшақ деп атаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *