Қаратал—Алматы облысының Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары жерімен ағып өтетін өзен. Балқаш-Алакөл алқабындағы суының молдығы және арнасының үлкендігі жағынан Іледен кейінгі орында. Қаратал Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы мұздықтардан басталып, Балқаш көліне құяды.