Қазығұрт тауы

Қазығұрт тауы—Талас Алатауының оңтүстік-батыс сілеміндегі аласа келген жота. Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 35 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Ежелгі аңызда дүниені топан су басқанда, Нұқ пайғамбар кемесі Арабияның Жуда тауында, Х ғасырдағы аңызда Арарат тауына тоқ та ған делінеді. Қазақ (түркі) аңызы бойынша, топан су қаптағанда Нұқ пайғамбар («Топан су» мифінің көне нұсқасында Нұқ пайғамбардың есімінің орнында «Йвшқар-ата» («Жылағаната», «Жылауық ата» деген кісі есімі де қолданылады) кемесі Қазығұрт тауының шыңында тұрып қалған. Сөйтіп, топан су қайтқан соң, адамзаттың жаңа ұрпағының тіршілігі сыртқы бітімі кемеге ұқсас Қазығұрт тауынан басталған. Кейін ислам дінінің таралуына байланысты Нұқ пайғамбар туралы аңызбен ұштасып, ежелгі мифтің жаңа нұсқасы пайда болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *