Татар

Татар—түркі тілдес халық. ресей Федерациясының құра мындағы Татарстан республикасының байырғы тұрғындары. «Татар» этнонимі Байқалдың оңтүстік—шығыс жағын мекендеген көшпелі түркі-моңғол тайпаларының арасында V-IX ғасырларда белгілі болған. XIII ғасырда моңғол шапқыншылығы кезінде татарлар Еуропаға еніп, XIIIXIV ғасырларда олардың шағын тобы Алтын орда құрамындағы түркі халықтарына сіңіп кетті. XVI-XIX ғасырлардағы орыс жазбаларында Кавказды, Еділ мен орал өңірін, орта Азияны мекендеген түркі тайпалары татар деп жалпылама аталып келген. Ертеректе Еділ бойы татарлары өздерін болгар, қазан кешесе, қазанлы деп әр қалай атаған. Антропологиялық жағынан татар еуропалық нәсілге, Сібір татарлары тұран аралас нәсілге жатады. ислам дінінің сүннит тармағын, аз бөлігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *