Суан—Жарықшақтың ортаншы баласынан өрбіген ру. Суан руының негізгі ірі атасы төртке: Тұрдымбет, Мұрат, Бердіке мен Баубекке бөлінетін Тоқарыстан болып есептеледі. Тұрдымбет өз кезегінде үш тармақ: Бөргелтай, Есет, Тұрсынға тарайды. Есеттен Қошқар, одан Жанқозы, Бөлек, одыр, Мейіз. одырдан Сүйімбай, Сабаз, Қабай. Шежіреде айтылатындай, Мұраттың алты баласы болыпты: орыс, Қараменде, Шегірен, Қарабек, Әбдісүгір, Байтөгей. Ел аузында Байтөгейден басқаларын Бес Мұрат деп те атайды. Мұраттың үлкен ұлы орыс, одан Мырзагелді, Хангелді. Соңғының екі ұлы бар Сұлтанқұл мен Ақша. Мырзагелдінің ұрпақтары недәуір болып, жеті атаға жіктеледі: Қожеке, Тілеке, Кебенек, олдақсан, Туматай, Еділбай, Мәмбет. Мәмбеттің бірінші Қарлығаш есімді әйелінен Мақпал туса, ал екішпі әйелі Желкілдектен жеті ұл көрген: Сүттібай, Құттыбай, Медеубай, Мес, Айдабол (Сондықтан оларды анасының атымен Желкілдектің Жеті тазы деп те атайды). Айдаболдан Сабалы, Бабалы, Баба, Байшымыр. 