ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУЫ МЕН ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ТРЕНИНГТЕРІ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУЫ МЕН ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ТРЕНИНГТЕРІ

 

Сыналушылардың талаптану деңгейін бейімделген Шварцвандер әдістемесі көмегімен анықтадық.

Өзін-өзі бағалау — жеке адамның өзін, өзінің мүмкіндіктерін, қасиеттерін және басқа да адамдар арасындағы орнын бағалауы — сөзсіз бұл жеке адамның негізгі қасиеттеріне жатады. Дәл осы айналадағылармен қарым-қатынасы, сыншылдықты, өз-өзіне талап етушілікті, сәтсіздіктермен жетістіктерге қатынасын белгілейді.

Өзін-өзі бағалау сынақ (тест) сұрақнама көмегімен анықталады. Бұл сұрақнама 32 пікірден тұрады, ол пікірлерге 5 жауап нұсқалары берілген, олардың әрқайсысы 0-ден 5 ұпайға дейін сәйкес.

Кесте 6  — Өзін-өзі бағалау деңгейі

 

Өте жиі

5 ұпай

Жиі

3 ұпай

Сирек

1 ұпай

Еш уақытта

0 ұпай

 

 

Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау үшін барлық 32 пікір бойынша ұпайлардың жиынтығы анықталады. 0-ден 25-ке дейін ұпай шамасы өзін-өзі бағалаудың жоғары деңгейде екені мәлімденеді, бұл кезде адамға «өзін төмен бағалау кешені» ауырлығын түсірмейді, басқалардың ескертулерін дұрыс түсініп және өз іс-әрекетінде сирек күмәнданады. 26-дан 46-ға дейінгі ұпай шамасы өзін бағалау орташа деңгейде екенін дәлелдейді. Мұндай кезде адам «Өзін-өзі төмен бағалау кешенінен» сирек зардап шегеді және кейде басқалардың пікіріне бейімделуге тырысады.

46-дан 128-ге дейінгі үпай шамасы өзін бағалаудың деңгейінің төмендігін көрсетеді, Бүл жағдайда сыналушы оған арналған сын ескертулерге қатты көңіл аударып, басқалардың пікірімен санасуға тырысып «өзін төмен бағалау кешенінен» жиі зардап шегеді. Эксперименталды зерттеу жұмысы Шымкент қаласындағы №8 мектептің 8 «ә» (26 оқушы) және 8 «г» (25 оқушы), 9 «ә» (27 оқушы), 9 «б» (20 оқушы) сыныптарында оқушылардың өздерінің келісімімен өткізіліп келесі 1-кестеде зерттеу нәтижелері бейнеленді.

 

Кесте 7 — Оқушылардың талаптану деңгейлерін зерттеу нәтижесінің көрсеткіштері

 

Сынып

Сыналушылар саны

ТД көрсеткіші

Көрсеткіштер көлемі %

8 «ә»

26

15/11

70,4

8 «г»

25

13/12

48,3

9 «ә»

27

21/6

81,2

9 «б»

20

15/5

84,1

 

Талаптану деңгейі (ТД)=5 және одан жоғары — шындыққа сай емес жоғары, ТД=3+4,99 — жоғары, ТД=1+2,99 — орташа, ТД= -1,49+0,99 — төмен, ТД= -1,50 және төмен — шындықка сай емес төмен. Талаптану деңгейі, сыналушы ұмтылатын оларға жету оқушыны қызықтыратын және мүмкін болып көрінетін мақсаттардың қиындық дәрежесімен сипатталады. Талаптану деңгейіне өмірлік жолдағы және нақты іс-эрекеттегі сәттілік пен сәтсіздіктердің динамикасы кері әсер етеді, Адекватты талаптану деңгейлері болады (адам өз алдына өзі жете алатын мақсаттарды қояды, олар оның қабілеттеріне және мүмкіндіктеріне сәйкес келеді) және адекватты емес: аса көтерілген (жете алмайтын мақсаттарта талаптану) және аса төмендетілген (жеңілдетілген мақсаттарды таңдайды, одан көп қабілеті болса да). Сыналушының өзін-өзі бағалауы адекватты болған сайын, оның талаптану деңгейі де адекватты болады.

Талаптану деңгейі аса көтерілмеген оқушылар өз қабілеттерін және мүмкіндіктерін асыра бағалап, әлі келмейтін тапсырмаларды алып жиі сәтсіздікке ұшырайды. Талаптану деңгейі жоғары, бірақ шындыққа сай келетін оқушылар үнемі өз жетістіктерін арттыруға, өздігінен жетілуге, күрделі мәселелерді шешуге, қиын мақсаттарға жетуге ұмтылады. Талаптану деңгейі орташа адамдар өз жетістіктерін, қабілеттіліктерін және күрделірек мақсаттарға көшуге ұмтылмай, орташа қиын мәселелерді нақты, табысты шешеді. Талаптану деңгейі төмен немесе шындыққа сай емес төмен сыналушылар өте жеңіл және қарапайым мақсаттарды таңдайды; бұл мыналармен түсіндірілуі мүмкін:

а) өзін-өзі төмен бағалау, өз күшіне сенбеу;

б)«әлеуметтік қулықпен», яғни өзін сыйлаумен қатар, оқушы қоғамдық белсенділікпен, қиын және жауапты  істерден және  мақсаттардан қашқақтайды.

Жеткіншектік жас қарама-қайшылыққа және толқынысқа толы, сондықтан мұғалімдер және ата-аналар тарапынан көп зейін аударуды талап етеді.

Тренинг сабақтарын жүргізгенде ескеріп отыратын бірнеше ережелер мен принциптер болады. Солардың арасынан негізгі принциптерді бөліп көрсететін болсақ:

1.Өзара әсер диалогизациясы принципі, яғни қарым-қатынастағы тұлға аралық теңдік, қатысушылардың өзара силасуы мен бір-біріне деген толық сеніміне негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым болса, онда қарым-қатынас диалогқа тән қасиеттерді жоғалтады, да монологқа ауысады. Бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы келеді және тренингтің өту барысын қиындатады.

2.Тұрақты кері байланыс принципі, яғни қатысушының өзі туралы информацияны барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топмүшелеріне ұдайы алып отыруы. Кері байланыс арқылы адам келесі қадамдарына коррекция жасауға, сәтсіз қарым-қатынас тәсілін жаңаға ауыстыруға, оның қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік алады. Ол үшін қатысушының басқаларға солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы пікірлер тыңдауға барлық жағдайлар жасалуы керек. Осындай арнайы саналы түрде ұйымдастырылған кері байланыс максималды дамыту эффектісін береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *