Найман

Найман—қазақ халқын құрған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, «найман» атауы моңғолша «сегіз» деген мағынаны білдіреді. оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес болды. олар XIII ғасырдан бастап «Сегіз оғыз», кейінірек «Цзбубу» одағын құрды. ХІІ ғасырдың 2-жартысында күшті мемлекет болғандығын тарихшылар жоққа шығармайды. Найман батысында қаңлы, қыпшақ; шығысында керей, меркіт; теріс кейін де қырғыз; оңтүстігінде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоныс тас болған. Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде Найман хан дығы құлап, ыдырағаннан кейін өздерінің байырғы ата қонысына таяу Ертіс, Алтай алабына қоныс аударып, үгедей ханның ұлысына қарады. Қазақ халқының шежіре деректері бойынша, Найман ұлысы орта жүзге кіреді. Найманнан: Терістаңбалы (кейде— елата), Сарыжомарт (Ергенекті найман), Төлегетай деген рулар бірлестіктері тарайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *