Л. Шоемфельд пен В. Оуэнстің лонгитюдтік және жас аралық әдістерін бірлестіре қолданып жүргізген зерттеу

Л. Шоемфельд пен В. Оуэнстің лонгитюдтік және жас аралық әдістерін бірлестіре қолданып жүргізген зерттеулер көрсеткіштерінде вербалды-логикалық функциялар, алғашқы оптимумға ерте жастық шағында жетіп, 50 жасқа жеткенше дамуы мүмкін, 60 жасқа таяғанда ғана біртіндеп төмендейді. Жас ерекшелігі аралығын ескере зерттейтін әдістердің нәтижесі бойынша жалпы интеллектуалдық белсенділіктің мүмкіндіктері 18 ден 60 жасқа дейінгі аралықта тұрақты күйде болатынын көрсетеді. Даралық модификациясын және генетикалык байланыстарын ескере жүргізілген лонгитюдтік әдістер бойынша 18 ден 50 жас аралығында интеллектуалдық дамудың күрт жоғарылайтыны, содан кейін біртіндеп индекстерінің шамалы төмендейтіні байқалды.

Кеш ересектік уақытты 60-тан 75-ке дейін геронтогенез, немесе қартаю уақыты деп атайды. Зерттеушілердің басым көпшілігі бұл кезең адамның 60 жасқа толғаннан басталады деп есептейді. Кейбір зерттеулер әйелдерде бұл кезең 55-тен, ал ерлерде 60-тан деп жорамалдайды. Бұл жасқа келген адамдарды үш топқа бөледі: ересек жастағылар, кәрі жастағылар және ұзак өмірсүретіндер. Мұндай сараптаулар жалғыз емес.

Л.С. Выготскийге зейін мәселесіне кең өрісті ғылыми жолдармен қарау тән, ол адам болмысының тарихымен ұштастырып зейіннің біртіндеп дамуына байланысты екі «негізгі жолды» атады: біріншісі, зейіннің тарихи даму жолы; екіншісі, зейіннің мәдени даму жолы. Оның зейін мәселесін дамытуда маңызды ғылыми жетістігі: зейін мәселесіне әлеуметтік және генетикалық тәсілдерді қолдануы. Ол ырықты зейінге жағдай жасап сөйлеу функцияларының бағыттылығын кеңейту: зейінді дамытуда сөйлеудің рөлі және зейінді ойлау қабілетімен біріктіре түсіндіруді басшылыққа алған. А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготскийдің психологиялық тұжырымдамаларынан туындайтын жайларды жалғастырды, әсіресе зейіннің сатылық дамуы мен ынталандыру құралдарына балалардың зейініне эксперименталды зерттеулер негізінде назар аударды.

К.Д. Ушинский «Адам тәрбие пәні ретінде» атты еңбегінде зейін психологиясын талдауда жекелік ерекшелікті ескеретін тәсілді ұстанған. Ол әрекетті психологиялық негізде зерттей отырып, зейіннің ғылыми жаратылысын түсіндіру барысында өз уақытының физиологиялық білімдер жетістіктерін ескеріп, тұжырымдары психологиялық дидактикалық тұрғыдан бағалы болды. Н.Ф. Добрынин негізгі тұжырымдамасын құрастыруда зейін мен іс-әрекеттің арақатынасын зерттеп талдаудың маныздылығын түсіндірді. Д.Н. Узнадзе зейін туралы тұжырымдамасын екі жоспарлы, психикалық іс-әрекетпен «импульсивтік» және «жанама түрде» сипатын жіктеді. Бірінші сипаты зейіннің міндетінсіз, ал, екіншісі оның тікелей қатысуымен өтетінін анықтады.

Оқу-тәрбие үрдісін, әсіресе өзін-өзі тәрбиелеудің жолын ұйымдастыруда оқушылар зейінінің қасиеттерін зерттеу арқылы қойылған мақсатқа жетуде даралық жас ерекшеліктерін ескере отырып кешенді түрде қарастыру қажет. Зейінді тәрбиелеу оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына тікелей тәуелді. Сабақ, немесе өз бетімен атқарылатын жұмыс түрлендіріліп, мотивациялы және қызықты етіп ұйымдастырылса, оқушының зейінді болуына септігін тигізеді. Оқуды практикамен тығыз байланыстыру міндеттері, қолданылатын оқыту, тәрбиелеу әдістемесін жаңа талаптарға сай жетілдіре түсу қазіргі білім саласының   талабы.   Бүгінде   инновациялық   мүмкіндіктерді   оқу-тәрбиелеу үрдісіне пайдалана білу педагогтан дайындықты қажет етеді. Сабақ өткізудің белсенділік принципі мен зейінді тәрбиелеу мүмкіндіктері арасында тығыз байланыс байқалады Оқушының өзін-өзі тәрбиелеуі ата-ана, педагог-психолог және ұжымның көмегін талап етеді. Олардың тарапынан педагогикалық және психологиялық көмек дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі нәтижелі әрі жемісті болады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін орындауда оқушыны тәрбиелеуге және оның өзін-өзі тәрбиелеуге қолданылатын әдістерді көпөлшемді қатынаспен іске асыруды талап етеді (2-кестені караңыз).

 

Кесте 2 — Тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерінің жіктелуіне көпөлшемді қатынас

Субъективті-

объективті қаты-

настар (кім кімді тәрбиелейді)

Жетекші мақсат

(міндеттер)

Үрдісті басқарудағы жетекші

функциялар

Тәрбиелеу

Өзін-өзі

тәрбиелеу

Тәрбиелеу

Өзін-өзі

тәрбиелеу

а) тәрбиелеу әдіс

тері (педагог тәр-

биелейді)

ә) өзін тәрбиелеу

әдістері     (тұлға

өзін тәрбиелейді)

ақыл-ойды

тәрбиелеу

әдістері

өнегелілікке

және еңбекке

тәрбиелейтін

әдістер

ақыл-

ойын өзі

тәрбиелеу

әдістері

өзін өнегелі-

лікке және

енбекке

тәрбиелейтін

әдістер

Педагогикалық

басқару

әдістері:

1) мақсат қою

2) жоспарлау

3) ұйымдастыру

4) қолдау (сти-

мулдау)

өзін басқару

әдістері:

1) мақсат қою

2) жоспар

3) өзін

ұйымдастыру

4) шоғырлану

5) релаксация

6) өзін бақылау

б)тұлғаны ұжымда тәрбиелеу әдістері   (ұжым   тәрбиелейді)

1)ортаның пікірі;

2) ұжым дәстүрі;

3) бәсекелестік

4) қарым-қатынас;

5) жақсы үлгілер;

6) талапты жоға-

рылату,    міндетті

күрделендіру және

тапсырмалар;

7) мадақтау және

ескерту (жазалау)

әлеуметтік-

саяси

тәрбиелеу

әдістері

дене шынық

тыру әдістері

эстетикалық

тәрбиелеу

әдістері

тәрбиелеу

әдістері

өзін әлеумет-

тік-саяси

тәрбиелеу

әдістері

денесін өзі

шынықтыру

әдістері

өзін эстети-

калық

тәрбиелеу

әдістері

өзін тәрбие-

леу әдістері

5) релаксация

6) бақылау

7) мелшерлеу

8) есепке алу

9) педагоги-

калық талдау

10)түзету

7) мөлшерлеу

8) есепке алу

9) өзін талдау

10) түзету

 

 

Психологияда зейін қасиеттерін зерттеу күрделі ғылыми дәстүр ретінде қолданылады. С.Л. Рубинштейн, Н.Ф. Добрынин, Ф.Н. Гоноболин, И.В. Страхов, П.Я. Гальперин және т.б. еңбектерінде зейін қасиеттерінің табиғаты, ара-қатынас байланыстары, іс-әрекеттегі арнайы көріністері, жеке адамның ерекшелігімен байланысы жете талданады. Қазақстанда зейін қасиеттерінің тұлғалық қасиеттерді дамытуға атқаратын міндеттерін және оқушының өзін-өзі тәрбиелеуге байланысты мәселелердің ғылыми бағыттарын Ж.Ы. Намазбаева т.б. ғалымдардың теорияларынан байқауға болады.

Шоғырлану — іс-әрекетті бір затқа, объектіге жұмылдыру дәрежесін сипаттайды. Егер зейіннің шоғырлануы жеткіліксіз болса, сана тәрбиелеуге тиісті нәрсені шала қамтиды, толық игермейді.

Зейіннің маңызды сипатының бірі — тұрақтылығы болып табылады. Өзін-өзі тәрбиелеуде іс-әрекеттің нәтижелі болуына зейін тұрақтылығының рөлі өте жоғары. Зерттеу барысында зейіннің тұрақтылығы жағынан жоғары ұпай жинақтаған оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеулері де жоғары екені байқалады.

П. Я. Гальперин (1974), өз зерттеулерінде ырықты зейін жоспармен, яғни алдын ала құрастырылған үлгімен бақылау формасы ретінде іске асырылатын зейін деген қорытынды жасады.

Сыналушының іс-әрекетіне байланысты зейіннің ырықты және үйреншікті түрлерін, яғни зейіннің бөлінуі, ауысуы сияқты қасиеттерін зерттеген Н.Ф. Добрынин, И.В. Страхов, О.Ю. Ермолаева т.б. еңбектерін негізге ала отырып, біздің зерттеулердің барлығында стандартталынған, зерттеудің мақсаттарына сәйкес сынақтар шкалалары қолданылды. Өзін-өзі тәрбиелеуді эксперименталды зерттеудің бағыты — кейбір психикалық үрдістер мен функциялардың көрінісімен сипатталады. Мұнда зейінді эксперименталды зерттеу ауқымды ақпарат береді. Ол тек даралық ерекшеліктерді ғана емес, адамдағы жетекші зейін қасиеттерінің — шоғырлануы және бөлінуі немесе зейіннің ауысуы мен тұрақтылығы арқылы оқушының өзін-өзі тәрбиелеуін реттеуші ретінде көрсетуге болады. Зейіннің тұрақтылығы — адамның табандылығының көрсеткіші десек, зейіннің тұрақтылығын эксперименталды зерттейтін әдістемелер қандай да бір табандылықты анықтауға, ал сыртқы тітіркендіргіштерге зейіннің бөлінуін зерттейтін әдістемелерді ұстамдылықты анықтауға пайдалануға болады (3-кестені қараңыз).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *