Керей

Керей—қазақ халқын құрған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Шежіре бойынша, орта жүз құрамына енеді. IX-XII ғасырларда Керей тайпасы Керей хандығы аталған мемлекет құрып, Завхан, Тула, Сэлэнгэден Шығыс Моңғол құмына дейінгі даланы қоныс етіп, батысы Найман хандығы, солтүстігінде меркіттер, оңтүстігінде татарлар, шығысында Ся мемлекетімен іргелес жатты. ол кезде Керей хандығы Керейт, Жиркин, Қонхойт, Сақайт, Тумаут, Албат, Тункайт-Киркун деп аталатын тайпалардан құралатын. Аталған тайпалардың ең ірісі керейлер болғандығы мәлім.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *