Зейіннін физиологиялық болмысы

Зейіннін физиологиялық болмысын түсіндіруде А.А. Ухтомскийдің ұсынған доминанта принципінің маңызы зор. Бұл принцип бойынша, мида барлық уақытта жетекші қозу ошағы, сол мезеттегі миға түсетін барлық жүйкелік импульстарды өзіне тартып, өз «билігін» күшейтеді. Психологиялық тұрғыдан доминанта зейіннің таңдамалы бір ғана тітіркендіргішке шоғырланып, басқаларын елемеуінен көрінеді. Мысалы, әрең естілетін сылдырға, адам дыбыс бағытына қарай басын бұрады, және сонымен қатар арнайы бұлшық ет құлақтың пердесін тартып, оның сезімталдығын күшейтеді. Өте қатты дыбыс, құлақ пердесінің тартылуын керісінше босаңсытып, ішкі құлаққа дыбыс толқынының берілуін нашарлатады. Зейіннің жоғары кезіндегі, демалудың тежелуі немесе тоқтауы да сезгіштіктің жағдайға сәйкес болуына мүмкіндік туғызады.

XIX ғасырдың соңында орыс психологы Н.Н. Ланге зейінді тұлғаның ерікті үрдістерімен салыстырып «ерікті зейін» теориясын құрастырды. Ол зейінді «қабылдау шартын лезде жақсартатын ағзаның мақсатқа сәйкес реакциясы» деп анықтады. Зейіннің өту актісін Н.Н. Ланге үш фазаға бөлді: бірінші алғашқы қабылдау; екінші қабылдауды жақсартатын реакция; үшінші өздігінен жақсартып қабылдау. Ол зейін туралы тұжырымдарды келесіше топтады:

1.  Зейін — қозғалыстық бейімделудің нәтижесі. Бұл тұжырымды басшылыққа алатындар,   бұлшық  еттің   күшінсіз  зейін   іске   аспайды   деген  болжамды ұстанады.   Мұнда   қозғалыстар   сезім   мүшелерінің   стимулға   және   жақсы қабылдауға тиімді бейімделуін қамтамасыздандырады.

2.  Зейін — сана аумағының шектеулігінің нәтижесі. Сана аумағы шектеулі болғандықтан, рухтық өмірдің динамикасымен сипатталатын қарқындылығы жоғары елестер, қарқындылығы төмендерін басып немесе ығыстырып отырады.

3.Зейін — эмоциялардың нәтижесі. Бұл теория бойынша зейін қандай-да бір эмоционалдық күйгеен тәуелді.

4.Зейін  — апперцепцияның нәтижесі,  яғни өзекті қабылданатын үрдіспен субъектің бұрынғы тәжірибесін байланыстыру.

5. Зейін — рухтың ерекше және өздік белсендігі. Бұл теория бойынша зейін тек алғашқы қабілеттілік ретінде, яғни басқа психикалық феномендер арқылы түсіндірілмейді.

6. Зейін — жүйкелік қозу күшінің нәтижесі. Бұл теория тұрғысынан, зейін орталық жүйке жүйесінің белгілі бөлімдерінің қозуынан пайда болады.

7. Зейін — жүйкелік қысымның нәтижесі. Санада бір мазмұнның басқасымен салыстырғанда   басым   болуы,   зейін   актісіндегі   бір   жүйкелік   үрдістің басқаларынан басым немесе оларды тежеп, ерекше шоғырлануы байқалады.

Бала өмірінің алғашқы айларында ырықсыз зейіні бар екені байқалады. Бастапқыда бала тек қана сыртқы тітіркендіргіштердің әсеріне реакция білдіреді, әсіресе олардың тез әрі күрт өзгерулеріне қарай. Сондыктан бұл кезеңде ырықсыз зейіннің қарқынды дамуы орын алады. Ырықты зейіннің пайда болып қалыптасуын баланы тәрбиелеу үрдісінде байқауға болады. Айналадағы адамдар, баланың қалағанын ғана істеп емес, сонымен қатар істеуге тиісті міндеттерді де орындауына үйретуге тиісті. Тәрбиелеу нәтижесінде олар қойылатын талаптарға зейін аударады, және біртіндеп, қарапайым түрде болса да саналы әрекеттер жасай бастайды. Мектепке дейінгі жастағы балаларда ырықсыз зейінмен қатар өсе келе ырықты зейін де көрінеді. Ырықты зейінді дамытуда ересектердің балаға беретін тапсырмаларының әсері бар. Әдетте балаға берілетін тапсырмалардың бәрі бірдей қызық бола бермейді, яғни бала олардың бәріне бірдей ықылас қоя бермейді. Бірақ ересектер тарапынан болатын қатынастың түріне қарай, бала тапсырманы қызық болмаса да орындап шығады. Мұндай жағдай баланың ырықты зейінін дамытады. Орындалуға тиісті тапсырманы қызық болмаса да іске асыру балаларда бірте-бірте шыдамдылық, ұқыптылық, тұрақтылық қасиеттерін қалыптастырады.

Бастауыш мектеп жасында баланың зейіні біртіндеп ырықты түріне кеше бастайды. Бұл жаста олардың ырықсыз және ырықты зейіндері ауыспалы жағдайда болады. Бала зейінінің кейбір қасиеттері дами түседі. Ырықты зейінін дамытуда мектептегі оқу үрдісінің рөлі ерекше орында. Оқу іс-әрекетінде баланың тәртіптілігі, тұрақтылығы және өзінің қылықтарын бақылай алу қабілеттері қалыптасады. Ырықты зейіннің дамуы белгілі кезеңдермен өтетіні ескерілуі тиіс. Бірінші сыныптағы сабақтарда бала қылықтарын толық бақылай алмайды. Оның ырықсыз зейіні әлі де болса жетекші орында болуы ықтимал. Баланы қызықтыру мақсатында оқу материалын түсіндіру мүмкіндігінше көрнекілікті болса зейіндерін басқаруды қамтамасыз етеді. Біртіндеп, мақсатты танымдық іс әрекет үрдісінде, баланың зейіні жоғары дәрежеге дами бастайды. Олардың зейіні осы жасқа дейінгі жалпы психикалық, дамуына да байланысты. Мектепке қабылданған балалардың жалпы дамуы мен психикалық дамуы барлығында бірдей дәрежеде емес. Зерттеулердің көрсеткіштерінде баланың психикалық дамуының деңгейі үйінде және балалар бақшасында алған тәлім-тәрбиесіне тығыз байланысты.

Жеткіншектер мен жасөспірімдердің зейіндерін зерттеуде негізгі қасиеттері ретінде оның бөлінуі мен тұрақтылығы қарастырылады. Жеткіншек (5-9 сыныптар) жасындағылардың зейіні тәлім-тәрбиенің нәтижесінде бұрынғыға қарағанда дамыған болады. Жеткіншектердің зейіні келешекке деген саналы қатынастың ықпалымен дамиды. Жеткіншектер арасында кейде зейінсіздері де кездеседі. Мұндай жағдайды түсіну үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болатын кейбір психикалық үрдістермен танысу қажет. Әдетте жеткіншектердің дене дамуы олардың психикалық дамуынан, ой-өрісінің дамуынан біраз озып кетеді. Физиологиялық дамуында түрлі өзгерістер байқалады. Жеткіншек жас жағынан әлі бала болғанымен, ол өзінің мүмкіндігі мен ақылын ересек кісілерден кем деп санамайды. Жеткіншек ересектер тарапынан   болатын   тәлім-тәрбие   жұмысының   нәтижесінде,   тек   өзінің ұнатқанына ғана емес, біртіндеп өзінің қажет дегеніне зейін салуға көше бастайды. Ырықты басқару механизмдерін жетілдіру, жас өскен сайын зейіннің таңдамалылығын арттырады. Жеткіншектердің негізгі тапсырманы қосымша тапсырмалармен салыстырғанда нәтижелі орындаулары жоғарылайды. Бұл зейіннің арнайы таңдамалылығын арттырып, маңызды мәселеге зейінін шоғырландыра алу қабілетінің арасындағы байланысты көрсетеді. Жеткіншек жасы зейіннің барлық қасиеттерінің қарқынды дамуымен ерекшелінеді:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *