Зейінді анықтағанда сананың санаулы объект

Зейінді анықтағанда  сананың санаулы объектіні қамтитынын: бірнеше әсердің, бірін анық, қалғандарын анық емес қабылдайтынын ескереді.

Сондықтан сабақта белсенділік принципін қолдана отырып, оқушыларға білім берумен ғана шектелмей, сонымен қатар олардың зейінін тәрбиелеу қажет. Осыған дейін білім алу, дағдылану үрдістерімен бірге зейінді тәрбиелеу мәселелері оқыту әдістемесіне қойылатын талап қатарына енгізілгенімен ғана шектелмейді. Оқыту әдістемесіне қойылатын тағы бір негізгі талап — оқушылардың зеректігін, ойлай білетін қабілетін дамыту. И.П.Павловтың ілімі бойынша, бұрынғы болған қозуды теріс өзара индукцияның күшімен тежелту үшін, мұғалімнің сөзі, қолданатын әдісі оқушыларға ықпал етіп келген әсерден басым болуы керек. Өйтпесе мұғалім оқушылардың қозуын басып, олардың зейініне ие бола алмайды. Оқушылардың сабақ басталар кезінде зейінді болуы, мұғалімдер сыныпқа келмес бұрын жоспарын алдын ала ойлап, сабақ беру әдістерін түрлендіріп, қызықты өткізуінен тікелей туындайды. Оқыту жұмысы және оның ішінде зейінге ие болу мұғалімнің шығармашылық қабілетін талап ететін іс екені белгілі. Негізгі мәселе — әрбір айтылған ереже тек тиісті жерінде қолданғанда ғана іске пайда келтіреді. Зейінді ұйымдастыру үшін ескеретін мәселенің бірі — сыныптағы бір оқушының зейіні басқа оқушылардан тәуелділігі. Егер сыныптағы оқушылардың көпшілігі тәртіпті, зейінді болып, олардың ішінде тек бірен-сарандары ғана тәртіп бұзса, бұларға әдетте еркіндік берілмейді, олар амалсыздан бірте-бірте тәртіпті және зейінді бола бастайды. Мұғалім әрбір оқушыны жеке байқап, одан зейінді болуды талап ете отырып, алдымен өзі балаларға зейінді болғанда мақсатына жете алады. Психологиялық білімдер мен нұсқаулардың мектеп тәжірибесіне енгізулерді талқылағанда педагогтардың психологиялық тұрғыдан мамандануының жеткіліксіздігі байқалады. Мектеп психологының негізгі міндеті педагогикалық психология ғылымының жетістіктерін мектеп тәжірибесіне енгізумен байланысты. Психолог-практиктер өз жұмыстарын ұйымдастыруда, нақгы әдістемелік материалдарға және т.с.с. көмектерді қажетсінуде. Өкінішке орай өзіміздің ана тілімізде осы айтылған мәселелерге байланысты материалдар кемде кем. Бала және педагогикалық психологияның ғылыми жетістіктерін, білім беру жүйесінде жүзеге асырудың өнімділік жолының бірі мектепте психологаялық қызмет атқаруды жеткілікті деңгейге көтеру.

Даралық-типологиялық ерекшелік негізінде зейінді дамыту мүмкіндіктері педагогтарға оқушылардың жеке басына тән қасиеттерін ғылым негізінде терең зерттеу арқылы бұл қасиеттердің бір түрін екінші түрінен ажырата білу және осыған сәйкес алуан түрлі педагогикалық әдістер қолданып оқушылардың зейініне ие болуға әрекеттену мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі. Сабақта оқушылардың зейінін ұйымдастыру үшін, қолданылатын әдістер темперамент типтеріне, мінез-құлықтарына сәйкес болғаны тиімді. Жұмыста даралық-типологиялық ерекешелік негізінде зейінді сипаттау орын алады.

Оқыту барысында балалар білімді, іскерлік және дағдыны меңгереді. Білімді меңгерудің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Оны толық меңгеруге барлық жағдай тек қана мектептерде жасалады. Оқу ici мазмұнының ерекше өзгешеліктері бар: оның нeгiзгi белгісі ғылыми жаңалықтap, ғылым заңдар мен соларға сүйенетін практикалық міндеттерді шешудің жалпы тәслдерін құрайды. Тек оқыту ісінде ғана ғылыми білімдерді және соларға сәйкес іскерліктерді ілгеpi негіздеп  басты нәтижесі ретінде байқалады.

Оқу іс-әрекетінің белгілі бip құрылымы болады. Оның құрамдас бөліктері мыналар: 

1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері);

2) оқу әрекеті;

3) бақылау;

 4) бағалау.

Гальпериннің анықтаған оқу әрекетінің  әр сатысына жеке тоқтап өтейік.

Оқу ситуацияларының ерекшеліктері. Оқу ситуациялары бірқатар бөліктермен      сипатталады.      Біріншіден,      мұнда      оқушылар балалардың қасиеттерін бөліп  алудың немесе нақтылы тәжірибелік қабілеттердің  кейбір  кластарын  шешудің  жалпы  тәсілдерін  игеретіндіктен, осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының мысалы ретінде келтіреді.

Нақтылы-тәжірибелік міндеттер тікелей өмірлерінің мазмұны болады және мәнді нәтижелерге сүйенеді.   

Оқушылар оқу әрекеттерінің ерекшеліктері. Оқу ситуацияларында оқушы  жұмысы   түрлі    ic-әрекеттерден   құрылады.   Олардың арасынан оқу әрекеттері ерекше орын алады. Оқушылар оқу міндеттерін оқудың жалпы әдістері үлгілерінің және оларды қолдану шарттарын қостаудың жалпы тәсілдерін қайта жаңғыртып игереді. Бұл әрекеттер ақыл-ойды дамыту шеңберінде де  орындалады. 

Эксперименттік зерттеудің нәтижесін өңдеуде алғашқы (бірінші) статистикалық берілгендер тәсілі пайдаланылады: іріктелген арифметикалық орташа мәні (эксперименттегі психологиялық қасиеттің орташа бағасының көрсеткіші) дисперсия деп аталады. Ол іріктелген жиілік арасындағы таңдамалы стандартты ауытқулардың орташа арифметикалық мәндерін сипаттайды. Мұндай есептеулер көрсеткіштердің көмегімен эксперименттен алынған нәтижелерді математикалық тұрғыдан бағалау үшін пайдаланылады. Алғашында берілгендерді өңдеуде жиі қолданылатын орталық тенденцияның өлшемін — іріктелген арифметикалык шаманың орташа X мәнімен анықталды. Орташа арифметикалық іріктелген мәні  бастапқы  шамаларды  біртіндеп  біріктіру  арқылы  есептеледі.  Ол қосынды санды жалпы алынғандардың N санына бөлу арқылы төменде келтірілген теңдікпен анықталады

 

 

мұндағы Σ — сандық көрсеткіштердің қосындысы,

N,Х1 -іріктелген топтар саны.

Нәтижелердің өлшемдік өзгергіштері, кейбір шаманың орташа арифметикалық аумағында шашылу дәрежесін сипаттаушы ретінде, дисперсияны және таңдамалы стандарттық ауытқуларды есептеу келесіше жүргізілді:

1.Орташа арифметикалық (О.А.) шама (X) есептелді.

2.Әр өлшенген (X) нәтиженің ауытқуын (О.А.) табамыз

Х=Х1

3.Іріктелген нәтиженің таңдамалы орташа мәнін квадраттаймыз

Х ^ 2

4.Әр нәтиженің ауытқу квадратының қосындысын табамыз

[Х ^ 2]

5.Ауытқу квадратының қосындыларын, жалпы іріктелген топтардың
N санына беліп, дисперсия шамасы Д табамыз

 

 

   Д =

ΣXt

N

 

6.     Квадрат түбірінен дисперсияны шығарып іріктелген мәндердің

стандарттық ауытқуын анықтаймыз

S = Д

         7. Эксперименттік әдістеменің дұрыстығын тексеруге және дәлелдеуге екінші (қайтара) статистикалық өңдеу әдістемесі, яғни Х2 – критерий («хи-квадрат критерий»)көрсеткіштері пайдаланылды.

         Эксперименттерге Шымкент қаласының №18 жалпы білім беретін орта мектептің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Эксперимент барысында 10 ұпайлық көлемінде анықталған сыналушылардың зейін қасиеттерінің көрсеткіштері анықталды.

Мысалы, 1-ші экспериментке қатысқан екі сыналушы — 9 ұпай, он бір сыналушы — 8 ұпай, он сыналушы — 7 ұпай, төрт сыналушы — 6 ұпай жинаған. Онда Рк= 2, 11, 10, 4 топтарына бөлінген сыналушылардың жиілік мәндеріне ие болады. Экспериментте 10 ұпай көлемімен анықталып, сыналушылардың зейін қасиеттерінің ұпайлық көрсеткіштері матрица (эксперименттің) деректерінен алынады. Мұнда экспериментке қатысқан сегіз сыналушы — 10 ұпай, он үш сыналушы — 9 ұпай, бес сыналушы — 8 ұпай, бір сыналушы — 7 ұпай жинаған, ал  — 6 ұпай жинаған ешкім жоқ.  Онда Vк = 8, 13, 5, 1 топтарына бөлінген сыналушылардың жиілік мәндеріне ие болады. Бостандық дәрежесінің саны m — 1=4-1=3 Осы анықталған мәндерді пайдаланып X2 критерийінің деңгейі анықталады.


 

X2 -ның эксперименттік есеп мәні кестедегі мәнінен көп болғандықтан және жіберілген қате 1% -дан аз болады деп қабылдағанда эксперименттің нәтижелік жорамалы орындалды деп есептеледі.

Зерттеу жеткіншек жасындағылардың құндылықтары: өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы және бүгінгі жағдайлардың талабына байланысты өзін-өзі басқару және өзін-өзі бақылау ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылды. Зерттеуде зейін қасиеттерінің шоғырлануын, тұрақтылыгын анықтап, соның нәтижесінде сыналушылардың іскерлік және іс-әрекеттерінің нәтижелік коэффициенттерінің мәні анықталды. Зерттеу барысында білім жүйесіне кейінгі кездерде психологиялық іс атқару бағыттарының енуіне байланыста, олардың да мүмкіндіктері ескерілді. Зерттеудің сыналушылары: Шымкент қаласындағы №18 жалпы білім беретін орта мектептің 9 «Ә» сыныбынан — 27 оқушы, 9 «Б» сыныбынан — 20 оқушы және 8 «Ә» сыныбынан — 26 оқушы, 8 «Г» сыныптарынан — 25 оқушы.

Зерттеу барысында қыздардың белсенділігі және жауапкершіліктері ұлдармен салыстырғанда жоғары болады.

Зейіін қасиеттерін зерттеу таным үрдістерінің динамикалыц сипаттамасы ретінде танылды.

Кестедегі тұрақтылар: 1-3 минут, сыналушылардың бланкімен жұмыс істеуіне берілген уақыт, Ж=9 (әріптер тізбегінің жол саны), 8=35 (әріп жолдарының арасындағы сөздердің саны). Эксперименттің кестедегі есептеу көрсеткіштері бойынша сыналушылар дұрыс жауаптарының ұпайлық мәндері бойынша — 4 топқа бөлінді. Топтардың орташа жинаған ұпайлары Б = 7,5; Зейіндерінің шоғырлануының орта мәні Ш = 7,9; тұрақтылығы Т = 7,8; дұрыстык (іскерлік) Д = 0,65; жұмыстарының өнімділігінің орта мәні Ө =22,8  (4-кестені қараңыз)

Кесте 4 — Окушылардың іске қабілеттігі мен іс-әрекетінің нәтижелілігінің зейін қасиеттеріне тәуелділігі

Сыналушы-лардың

топқа жіктелген сандары

%-дық көрсет-кіштері

Дұрыс жауап-тары

ның көрсет-кіштері

Зейіннің шоғыр-лануы

Зейіннің тұрақты-лығы

Іске кабілеттігі Іск.қ.

Іс-әреке-тінің нәти-желігі

Н.к.

2

8

9

12

9,5

0,8

28

11

41

8

8,3

8,4

0,7

24,5

10

38

7

6

7,2

0,6

21

4

13

6

4,8

6,2

0,5

17,5

Σ127

Σ100

Б = 7,5

111 = 7,9

Т = 7,8

Іск.қ=0,65

Н.к.=22,8

Ескерту: Шымкент қаласындағы №18 жалпы білім беретін орта мектептің 9 «ә» сыныбынан 27 оқушы экспериментке қатысты

Сонымен біздің зерттеуіміздің жорамалы зейін қасиеттерін арнайы әдістеме құрастырып анықтауға болатыны жайлы, соның негізінде сыналушылардың жетекші іс-әрекетінің кейбір жағына қатынас жасай, зейін қасиеттерінің әр түрлі деңгейде екені айқындалады. Эксперименттің барысында қарастырылған зейін қасиеттері — таным үрдістерінің динамикалык сипаттамасы. Мұндай касиеттерді сандық мәні арқылы бағалап және соның негізінде дифференциялдық диагностика жасау мүмкіндіктері айқындалады. Бұл дегеніміз — арнайы әдістемелер мен тәсілдер көмегімен адам зейінінің қасиеттерінің даму деңгейін белгілеуге болады деген ұғым туғызады.

Шымкент қаласындағы №18 жалпы білім беретін орта мектептің сынып оқушылары зейіндерінің тұрақтылығы ұзақ мерзімді бақылаудан да көрінеді.

Сонымен зерттеулердің нәтижесі зейіннің шоғырлануы, тұрақтылығы және басқа да қасиеттерінің келесі себептермен анықталатынын көрсетті.

-адамның  жекелік  физиологиялық   ерекшеліктерімен,  оның  жүйке
жүйесінің қасиеттерімен, осы сәтгегі организмнің жалпы күйімен;

-писихикалық күйлермен (қозу күші; тежелу күші және т.б.);
   -мотивациямен салыстырылады (іс-әрекетке қызығушылықтың

жоқтығы немесе керісінше болуы, оның адамға маңыздылығы);

-іс-әрекеттің атқарылуының сыртқы жағдайлары (ауа, температура,
салыстырмалы ылғалдылық, жиһаз, сынып тақтасы т.б.).

Сыртқы тітіркендіргіштер жоқ жағдайда, зейін тұрақтылығы жеткілікті дәрежеде болады. Ал сыртқы тітіркендіргіштердің көп болғаны зейіннің тұрақсыздығын және толқуын, тербелісін күшейтеді. Өмірде зейіннің жалпы тұрақтылығының сипаты осы айтылған факторлардың үйлесімділігімен анықталады.

Жалпы балалардың зейін қасиеттерінің дамулары қазіргі әлеуметтік жағдайлардың деңгейімен айқындалады.

Зерттеу нәтижелерін салыстырмалы түрде талдасақ, зейін қасиеттерінің даму деңгейі жағынан нақты сандық мәнімен дәлелдейтін кестені және соның негізінде құрастырылған қорытынды гистограмма ұсынылды. (1-суретті, 5-кестені караңыз).

Кесте 5 — Зейін қасиеттерінің даму деңгейі

Мекен-жайы, Шымкент қаласы № 18 мектеп

Сыналушылар саны

Ұ

Ш

Т

І

Н

9 «ә» сынып

27

7,5

7,9

7,8

0,65

22,8

8 «ә» сынып

26

5,5

4,7

5,1

0,4

14,6

9 «б» сынып

20

4,0

3,3

3,2

0,25

8,9

8 «г» сынып

25

4,5

3,5

3,7

0,30

10,7

Ескерту: Ұ — сыналушылардың ұпайлық көрсеткіштері, Ш —  зейіннің шоғырлануы,  Т- зейіннің тұрақтылығыІ — іске қабілеттілік коэффициенті, Н — іс-әрекеттің нәтижелік коэффициенті

 

Бұл жерде жалпы білім беретін орта мектептегі балалардың зейінін ырықты басқара алу дәрежесінің төмендігі, оны шоғырландыруға талаптанбауы және соның жолын білмеуі әңгімелесу арқылы анықталды. Ондағы мақсат — балалардағы зейін қасиеттерін дамытуды кешенді қатынас жолымен ұйымдастыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *