Жеткіншектердің жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағыттау, баланың психикалық дамуы, оны ілгері өрбіту, мақсатқа бағдарлай ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару және өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға кең өрісті жағдай туғызады. Сондықтан біздің зерттеуімізде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздері зейін қасиеттерін дамыта отырып қарастырылған. Бұл мәселелер Л. С. Выготскийдің адам тұлғасының жалпы дамуында «интеллект және аффект» байланыс идеялары арқылы зерттелді.
Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық үрдісте оқушының өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызды. Бұл зерттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялыҚ-әдіснамалық және эксперименталды әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыруға бағдарланған.
Жұмыстың негізгі мазмұнын тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейіннің қасиеттерін зерттеу және олардың негізінде психологиялық көмекті ұйымдастыру құрайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу механизмдері жас ерекшелігін ескере, қойылған міндеттерге сәйкес реттей білу психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жүйелі қатынас бағытымен жүргізуді талап етеді.
Зерттеудін өзектілігі. Педагогикалық психологияда қазіргі кездегі негізгі ағымдарды, жаңа тұжырымдамаларды негіздей отырып, жеткіншектердің өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін белсендендіріп, өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі.
Бүгінгі әлеуметтік-психологиялық жағдайлар, білім беру жүйесінде тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне психологтардың, педагогтардың және физиологтардың ерекше назар аударуларын қажет етеді.
Тұлғаның өнегелілік — еріктік өрісін, адамгершілік санасын, түсініктерін, ұғымын, принциптерін, сенімдерін, қылығының адами негіздерін, басқаларға өзінің эмпатияларын, әлеуметке деген қатынасын көрсететін мінез-құлық сапалары мен әдеттерін дамытудағы психологиялық механизмдерді аша отырып, балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың шарттары мен ерекшелігінің жалпы заңдылықтарын қарастыру жұмысымыздың өзектілігіне дәлел.
Қазіргі психологиялық-педагогикалық үрдістің арнайы толығырақ міндеттерін бейнелейтін құбылыстардың ішінде өзін-өзі тәрбиелеу, әсіресе психикалық әрекеттердің (зейіннің қасиеттерін арнайы дамыту жолдарымен),
маңызды мәселенің бірі деуге болады. Бұл бағытта мәдени құндылықты, психологиялық-педагогикалық және жалпы ғылыми категорияларының әлеуметтік өмір аумағында дәстүрлі және жаңашыл байланыстары ерекше қалыптасуда.
Өскелең ұрпақты дамытуда соңғы жылдары өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі жалпы тәрбиенің өзекті саласы ретінде әр түрлі ғылыми зерттеулердің объектісіне айналуда.
Тұлғаны мақсатты түрде қалыптастырудағы айқын заңдылықтарды табу, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми негізде құру, сонымен бірге психологиялық теорияның даму мүмкіндіктерін ескеру бүгінгі күннің талабына сәйкес жалпы тәрбие үрдісін қамтамасыз етеді.
Тұлға дамуының әлеуметті түрде ұйымдастырылатын оқыту шарттарына байланысты ақыл-ой сияқты саласын дамытуда психикалық әрекеттердің шешуші міндеттері, оның ішінде зейіннің рөлі жетекші екені көптеген психологиялық зерттеулерден Л. С. Выготский, Н. Ф. Добрынин, И. В. Страхов, Ж. Ы. Намазбаева жане т.б. еңбектерінен белгілі.
Адамның саналы белсенді іс-әрекеті — оның тұлғалығының психологиялық өзгешеліктерін дамытудың негізі. Қалыптасқан жеке адам өзінің көзқарасы, ұғымы, өнегелілік талаптары, бағалауымен, саналы қойған мақсатымен, өзінің қылығын, іс-әрекетін басқара білуімен сипатталады.
Өзін-өзі тәрбиелеудегі өзіндік сананың теориялары Л. С. Выготский, В.В. Столин, ИС. Кон, В.С. Мерлин, И.И. Чеснокова, М.И. Лисина, Ч. Кули, Дж.Г.Мид еңбектерінде жан-жақты қарастырылып талданған, ал педагогикалық психология саласында өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін зерттегендер: В. И. Селиванов, Н.С. Ликин, А.Г. Ковалев, Ю.М. Орлов т. б.
Жұмыста Б.Г. Ананьевтің, С.Л. Рубинштейннің тұлғаны дамытуда кешенді қатынас жүйелері, және Н.Ф. Добрынин, П.Я. Гальпериннің зейінге байланысты зерттеулерінің эксперименталды бөлімдері, Ж.Ы.Намазбаеваның тұлғаны кешенді жүйемен дамыту теориясы басшылыққа алынды.
Сонымен бірге зейінің әр түрлі аспектерін профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен қазақстандық психологгар О.С.Сангилбаев, Ш.С. Сатиева, И.В. Андреев, С.В. Тихомирова зерттеген.
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейін қасиеттерін дамыту арқылы ғылыми-теориялық жолмен дәделдеу.
Зерттеу міндеттері:
— зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, еңбектерді теориялық талдау;
— өзіндік сананың және өзін-өзі тәрбиелеудің теориясын зерттеп ашу;
— өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін және тәсілдерін теориялық талдау;
— зейін теориялары және зейіннің түрлері мен қасиеттерінің мазмұнын сипаттау;
-тұлғаның талаптану деңгейінің контексінде зейіннің қасиеттерін эксперименталды зерттеп, солардың негізінде оқушыларға, ата-аналарға, педагогтарға өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейіндерінің қасиеттерін дамыту арқылы психологиялық көмек көрсетуге нұсқа-кеңестер құру.
Зерттеу нысаны: тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі.
Зетттеу пәні: талаптану деңгейі мен оқушылар зейінін өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің контексінде зерттеу жатады.
Зерттеудің ғылыми болжамдары: өзіндік сананы теориялық талдау өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негізін құрайды. Мұндай болжам келесі жеке болжамдармен бекітіледі:
— өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі тұлғалық дамуды кешенді ұйымдастыру
арқылы мақсатқа бағдарлайды;
— зейіннің көлемін, шоғырлануын және тұрақтылығын арнайы дамыту, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін тиімді етеді.
Қорғауға ұсынылатын ғылыми қағидалар:
1.Өзіндік сананың теориялық мазмұны мен құрылымы өзін-өзі тәрбиелеудегі теориялық-әдіснамалық бағытты анықтаушы ретінде, яғни, өзіндік сана тұтас субъектіге тән және өз іс-әрекетін айналадағылармен қатынасын ұйымдастырудағы қызметі.
2.«Мен-тұжырымдамасы» немесе «Мен-бейнесі» өзіндік сананың нәтижелі жемісі. Өзіндік сананы дамытатын қозғаушы күштерді индивидтің шынайы өздігінше әрекеттене, айналадағылармен ара-қатынасын өзгерте алады.