Жастабан—Керей руының бір атасы. Шежіре бойынша, орта жүз құрамындағы Керейдің Абақ керей тармағынан тарайды. Жастабандар бұрын Алтай тауының оңтүстік-ба тысында, Қара Ертіс пен Сауыр тауының оңтүстік-шығысына қоныстанған. Жастабан Бекназар (одан: Қожаберді, Құдайберді, Қойлыбай, Жәдігер), Қосай (одан: Еламан, рысбетек, Жолай, Жолымбет, Құтыке) аталарына бөлінеді. ұраны— Жобалай, таңбасы—абақ. 