Жалайыр

Жалайыр—қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамына енеді. Диқанбай батыр шежіресі (Н. Аристов жазып алған) бойынша, үйсіннен— Ақсақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) таратылады. Соңғысынан Жалайыр тарайды. Тағы бір шежіреде Майқы биден тарайтын Жансақал мен Жалайыр бір адам деп тұжырымдалады. Жалайырдың шын аты Қабылан екен. Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын айырып, содан Жалайыр атанған. Жалайыр: Сырманақ, Шуманақ, Бірманақ болып үшке бөлінеді. Шуманақтан: Андас, Мырза, Қарашапан, орақты, Ақбұйым (Арықбұйым), Қалпе, Сыпатай аталары тарайды. Сырманақтан: Арықтыным-Байшегір, Балғалы, Қайшылы, Күшік тарайды. Бірманақтан тек Сиыршы (Байбөген) тарайды.
Кейбір шежірелерде Бірманақтың аты аталмай, Сиыршыны Сырманаққа жатқызады. осыдан келіп «он екі ата Жалайыр» атанған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *