Байбақты—қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Байұлынан таратылады. Байжиен, Батақ аталарына бөлінеді. Ата қонысы Еділ мен Жайық өзендері аралығы, сондай-ақ ресейдің кейбір облыстарында да ұшырасады. Байбақты руы нан атақты Жауғашты, Мәлке, Күшпен, Дәуімшар, Жомарт, Шолан, Сырым т.б. билер мен батырлар шыққан. ұраны—Дәуқара, таңбасы—бақан.