Ақ Орда—Шығыс Дешті Қыпшақта Жошының үлкен ұлы орда Ежен, оның інілері Шайбани, Шингкур, Тұқа Темір ұлыстары негізінде құрылған мемлекет. Астанасы алғашында Ертіс өзенінің жоғарғы ағысы бойында, Алакөл маңында болған. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Сыр бойына көшірілді. орыс хан тұсында Ақ орда Алтын ордадан бөлініп дербес хандыққа айналды. Әмір Темірдің бірнеше жорығынан кейін Ақ орда айтарлықтай әлсіреді.