Алтын Орда

Алтын Орда—орта ғасырларда Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті Қыпшақта құрылған түркі мемлекеті. Алтын орда құрамына Ертістің шығыс жағалауынан Балтық теңізіне дейінгі, Сібірден Хорезмге шейінгі ұлан ғайыр аумақ енді. Бату хан тұсында мемлекет астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы болып, кейін Берке хан кезінде Сарай Беркеге көшірілді. Алтын орда Анадолымен, Сириямен, Мысырмен, Византиямен және Шығыс елдерімен сауда қатынасын орнатып, елшіліктер алмасты. ұлы Жібек жолының маңызды бір тармағына бақылау жүргізді. Әмір Темірдің жойқын әскері жасаған үш жорығынан кейін Алтын орда әлсіреп, 1502 ж. соңғы билеуші Шейх Ахмед ханның өлімінен соң мемлекет жойылды. Алтын орданың аумағында Қырым, Қазан, Қасым, Астрахан, Сібір, Башқұрт хандықтары пайда болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *