Алматы (Алмату, Алмалық, Алма-Ата)—Қазақстандағы республикалық мәртебеге ие ең ірі қала. Тарихи мың жылдан асқан орталық Азиядағы ірі тарихи сауда-қаржы, экономикалық және ғылыми, мәдени орталық. Қазақстанның бұрынғы астанасы (1927-1997). Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан қаланың 1,5 млн. астам тұрғыны бар. Аймақтық қар жы орталығы, елдегі алғашқы метрополитен салынған қала.