Адам өзін-өзі бақылау

Адам өзін-өзі бақылауға жиі жүгінбейді, біріншіден, өйткені көптеген қылықтық актілер автоматты түрде басқарылады, екіншіден, адам, өзін-өзі бағалауына көбінесе қанағаттанбайды. Өзіндік сана қажет кезінде ғана орын алады. Мысалы, ереже мен талапт қылықпен сәйкес келмеген жағдайда немесе өзіне зейін қою керек болғанда. Өзіндік сана- мәдени феномен ретінде өз қылықтарының тұрақтылығын сақтауға және индивидтің игерген әлеуметтік құндылықтарға жауапкершілік сезімін басынан кешіруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі бақылай алу қабілеті өзінің зейінділігімен, яғни еріктік күш-жігерімен байланысты. Өзін-өзі басқара алу өзіндік сананың өзіне қатынасы, өзін сыйлауы және өзін бағалауы сияқты эмоционалдық құрамдастықтарымен тығыз байланысты. Өзін-өзі бағалау — бір жағынан, өзін тану аумағындағы интегративті жұмыстың нәтижесі болса, екіншіден өзіне эмоционалды құндылық жағынан қатынасы. Өзін бағалау — тұрақсыз шама, ол өркендей келе, әр түрлі болып өзгереді. Өзін бағалау адамға тән, өзі туралы білім және дүниетаным, тәртіптер мен құндылықтардың ұштасуымен дәнекерленеді. Өзін-өзі бағалау көрсеткіші қылықты және іс-әрекеггі басқаратын міндетті атқарады, өйткені адамның қажеттіліктері мен талаптану деңгейлерін оның мүмкіндіктерімен салыстыруға жағдай тутызады және төмендегі қатынастан анықталады:

 


мұндағы Ө. б. — өзін бағалау;

Т — талаптану денгейі;

М — мүмкіндіктердің деңгейі.

Өзін-өзі бағалау өзін-өзі басқаруды іске асырудың «өзегі» бола мотивацияның құрылымына еніп, өзін басқарудың бағыттылығын, құралдарын таңдауды және қылықтың нәтижелі болуын талқылай анықтайды. Барлық ұғынылған қылықтық реакцияларды және жүріс тұрыстарын дифференцияцияланған және адекватгы көрінісі, қылығын басқара алуының жеткілікті дәрежедегі деңгейі, өзіндік сананы тұтастай дамып жетілген дәрежесіне, басқалардың бағалауына емес өзін-өзі адекватты бағалауына және өзін-өзі бағалауға зейінін бағдарлауға сәйкес келеді. Өзін-өзі бағалау — бастапқы кезде басқалардың өзін бағалауының интериоризациясының нәтижесі соңынан эмансипацияланып айналадағылардың бағасынан қылықты ішінен басқаратын зейінділікке біртіндеп ауысады.

Өзін-өзі реттеп басқарудың екі деңгейлі үрдістерін бөліп айтуға болады:

1. Тактикалық нақты қылық актісі үрдісінде өзін басқару айқын уақыт

аралығымен шектеледі;

2.Стратегиялық — мұны өзін ұйымдастыру деңгейі деп атауға болады
— белгілі уақытқа  созылған үрдіс,  тұлғалық өзгеруін  жоспарлауымен, даралы тұтастай бағыттауды қамтамасыздандырып, өзін-өзі тәрбиелеумен
байланысты.

 

           
 

 

 

 

 

Сурет 6 — Өзін-өзі реттеп басқарудың үрдістері

 

 

Мұндай үрдістер өмірлік мотивтерін бір-біріне бағындыруды қамтып, мотивтер иерархиясын ұұрастыруға, даралық және әлеуметтік мотивтер мен рухтық мотивтер арасындағы келіспеушіліктерді шешуге жәрдемдеседі.

Өзіндік сананың әлеуметтік-реттеушілік функциясы ретінде:

—   өзінің теңдестігін ұғынуды,

—   белсенді, іс-әрекеттің негізі ретінде өз «менін» ұғынуды,

—   өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды,

—   өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйелігі қарастырылады.

 

 

 

 

Сурет 7 — Өзіндік сананың әлеуметтік-реттеушілік функциялары

Бұлар бірімен-бірі функциялық тұрғыдан тығыз байланысты.

Л.С. Выготскиийдің анықтамасы бойынша «мазмұны жөнінен өзіндік сана ішкі дүниеге көшірілген әлеуметтік сана-сезім» — болады.

Өзіне зейін қойып, өзі туралы ойлай бастаудың шығуы — жеткіншек жастағы балаларға тән ерекшелік. Өзі туралы пайымдаулардың әлеуметтік-реттеушілік функциясы мынадан айқын көрінеді, жеткіншек. әуелі негізінен өзінің кемшіліктеріне зейін аударып, оларды жойғысы келетінін сезінеді, ал кейін жеке адамның жалпы ерекшеліктеріне зейін аударып, өзінің мүмкіндіктерін, қасиеттерін білуге тырысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *