Адам қоршаған орта

Адам қоршаған ортаны таниды, сонымен бірге сол ортамен белсенді қатынас арқылы өзін де таниды. Қалыптасу кезеңдерін анықтап, олардағы жаңа мүмкіндіктерді субъект ретінде басқа заттар мен адамдардан өзін айырады; өз бетімен қоршаған ортаға әсер ететін әрекеттерді қарастырады. Бастапқы кезде басқалардың өзі туралы білетіндерінің интериоризациялану механизмінің орны маңызды. Осылай игеріп пайдаланады:

1) құндылықтар, бағалау және өзін-өзі бағалау мөлшері (нормалары);

2)өзінің бейнесі;

3)өзіне қатынасы және ата-анасының ол туралы бағалаулары;

4)басқалардың бағалаулары;

5) қылықтарын басқару (түзету) жолдары;

6)үміттену және талаптану деңгейлері.

 

 

 

Сурет 3 — Басқалардың өзі туралы білетіндерін интериоризациялау механизмі

 

 

Өзіндік сана — индивидтің игерген өзінің қылықтары тұрақты және әлеуметтік құндылықтары үшін жауапкершілік сезімін сақтауға мүмкіндік беретін мәдени феномен. «Объективтік өзіндік сана» тұжырымдамасының аумағында ол ситуацияның талабы бойынша орындалатын қылық пен жасалған қылықты салыстыру, өзі туралы пікірмен қарастырылады.

Адамның өзіндік санасы, тұлға болмысын шынайы бейнелейді. Басқа адамдар туралы адамның практикалық жалпылама қорытындылай алатын білімдері тұлғаның өзіне деген қатынасының басты қайнар көзі болып табылады. Бала өзінің санасы арқылы қоршаған ортадағы басқаларды анық бейнелей бастайды. Оның санасының жалпы дамуына адамдардың бейнесін білу белгілі рөл атқарады. Көргендерін жалпылау үрдісінде ғана, өзінің тұлғасы туралы жалпы білімдер негізінде өзіндік сана қалыптасады.

Сана құрылымы әр түрлі деңгейде болуы мүмкін:

1.Нақты іс-әрекеттің мотивациялануы («идеалды-Мен») ұғымында немесе қазіргі-Мен, «болашақ-Меннің» сәйкес келмеуінен де болады.

2.Мақсатты құрастыруға қатысу.

3.Қандай-да бір әрекеттерге тыйым салу.

4.Айналадағыларға қатынасты себептендіру.

5.Қандайда бір тұлағалық қасиеттердің дамуына әсер ету.

 

 

 

Сурет 4 – Сана құрылымының деңгейлері

 

 

Өзіндік сананың басты құрамдастықтары өзін-өзі бағалау және өзін-өзі реттеу, олар тұлғалық дамуда негізгі орын алады. Психологиялық зерттеулер бойынша тұлғаның өзі туралы пікірін, әрі қарай іс-әрекетінің реттеушісі ретінде қарастыру орынды. Адекватты өзін бағалау мүмкіндіктері арқылы тұлға өз жетістіктерін шынайы бағалауды үйреніп өнегелік дамуға бағытталады.

Тұлғаның өзіндік санасының пайда болуы әйгілі ғалымдардың И.С.Кон және А.Г Спиркиннің еңбектерінде ұзақ мерзімдік зерттеу нәтижесінде талданып, «…тұлға қарым-қатынас және іс-әрекет үрдісінде өзін әлеуметтің мүшесі ретінде ұғынып сананың ұжымдық түрін игереді» — деген тұжырым жасалған.

Өзіндік сана сезімнің ерекшеліктері Б.Г. Ананьевтің, Л.С.Выготскийдің, С.Л. Рубинштейннің пікірінше, баланың өзіндік әрекеттерінің субъектісі ретінде қабылдағанда мақсатқа бағытталған іс-әрекетке зейіні ауысып өз әрекеттерін бағалай алады.

Тұлғаның өзін «Мен» ретінде ұғыну, өзіндік сананың қалыптасуы, ортадағылармен бірге өзін ұғыну — іс-әрекетінің, өздігінен тәуелсіз саналы іске асырылуы және жеткіншектің өзін бағалау үрдісін қалыптасуы оқу іс-әрекетіне берілген баға, даралық сапалар, мінез-құлық басты болып танылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *