Әлімнің Қарасақал аталығы туралы

 Әлімнің Қарасақал аталығы туралы
(V нұсқа)
Ертеде қазақ пен қалмақ соғысып, жеңісе алмай, барымталасып жүрген кезі екен. Бір күндері қазақтың ханы қалмақтың жиі тұтқиыл шабуылынан мезі болып, қалмақта кеткен мал-жанын қайтару үшін қол жинап, жорыққа аттаныпты. Барса, қалмақтар қорған ішінде тұрып таспен, садақпен атып, қазақтарды қорғанға жолатпайды. Сөйтіп, бірнеше тәулік қамалды қоршағанмен, жауды ала алмай, ханның әскері қайтуға бет алады. Айнық пен Тегенболат өздерінің аздаған сарбаздарымен ханға келіп: «Қамалды алудың бір жолы бар, әскері ңізді бір күнге кідіртіңіз»,—дейді. Басқа шарасы таусылған хан келісімін береді.
Хан әскері күн бата еліне қайтқан болып, таң қараңғысында Айнық пен Тегенболат бастаған көп қосын қорғанға жаяу еңбектеп, қамал қақпасын балталап бұзып, қалың атты әскерді ішке кіргізіп, қалмақтарды жеңіп, мал-мүлкін олжалап, еліне қайтыпты.
Ел шетіне келген соң олжа бөлісіпті. олжа бөлушілер бірінші бөлісті ханға, екінші бөлісті билер мен қожаларға, үшінші белісті ханның ұсынысымен: «Қарасақалды екі батырдың арқасында жауды жеңіп, олжа салып отырсыңдар, сондықтан үшінші бөліс олжаның билігін сол екі «Қарасақал батырларға беріңдер»,—депті. Хан нөкерлері: «Екі қарасақал батырларды көрдіңдер ме?»,—деп қалың сарбаз ішінен көп іздепті. ол кезде Айнық пен Тегенболат қасындағы сарбаздарымен көл жағасында жуынып жатса керек. Хан нөкерлері екі батырды тауып, хан алдына апарып, олжадан үлесін беріпті. Екі батыр дың «Қарасақал» атануының мәнісі осылай болған екен деген аңызәңгіме бар. Айнық пен Тегенболат жауға шапқанда «Алдажарлап» шапса керек, содан Қарасақалдың ұраны «Алдажар» екен.
Айнық өте батыр адам болыпты. Бірде тұтқиылдан жау шауып, соғыста жүз адамға пай бермейтін, сауыт-саймансыз, тұсаулы атына жете алмаған Айнық батырға Жем бойында қапылыста оқ тиіп, қаза тауыпты. он жас шамасындағы баласы Сарыбасты жау қол-аяғын байлап, алып кетіпті. Сол кеткеннен Сарыбас қалмақтың Кесеарқам деген жерінде елу жыл тұрып, үйленіп, өзен, өзден, Майлы, Сайлы деген төрт баласы болып, олар батыр болыпты. олардың ұрпағы «моңғұл ішінде, «Сарыбас» деген ұраны бар, төрт болыс ел бар екен» деген аңыз бар. Сонымен Сарыбас алпыстан асқанда еліне қайтып келіпті. Келген соң ағайындары үйлендіріпті. Сарыбастан: Бақтыбер лі, Была—екі бала.
Әлемде алты жүйе, бес шекті көп, Айтатын әдетім жоқ сөзімді ептеп.
Екеуі алты Әлімнің—Қарасақал,
Ішінде бізді айтады «Сарыбасы»,—
деп жазған екен Қарасақал Ерімбет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *