Үгедей, Өгедей (1186-1241)—Шыңғыс ханның үшінші ұлы әрі мирасқоры. Жас кезінен бастап әкесінің жорықтарына қатысқан. Шыңғыс хан империясының 1229-2241 жылдар аралығындағы «ұлы ханы» болған. Ағалары Жошы мен Шаға тай арасында үнемі дау туа бергендіктен, Шыңғыс хан үгедейді алға шығарып, екі ағасын оған бағынуға міндеттеді. үгедей білімді әрі ақылды адам болған. Мемлекет іргесін нығайту мақса тын да ел астанасы Қарақорымды салып, халық санағын жүргіз ді. Жылдам хабар алу үшін пошта қызметі ұйымдастырылды.