Қарасақал

Қарасақал
(ІV нұсқа)
Қалмақтармен болған бір соғыста Айнық баласы Сарбас пен екеуі тұтқындалып, жау қолында кетіпті дейді. Жау қолында тұтқында жүргенде Айнық қайтыс болыпты. Ал Сарбас сол тұтқында жүріп үйленіп, қалмақтан қыз алып, оларға сіңіп, Майлы, Сайлы, өзден, өзен деген төрт балалы болыпты. Елден әкесімен бірге тұтқындалып, он бір жасында кеткен Сарбас қалмақ арасында елу жылға жуық жүріпті. Бұлар тұтқындалып, хабарсыз кеткендіктен, біраз жыл өткен соң елде жесір қалған Айнықтың әйелін Тегінболатқа некелеп, елдегі туыстары қосыпты. Тегінболат Пұсырман мен Шіңгір атты екі балалы болыпты. Тегінболат—ірі денелі, сақалы қауғадай, қара мұртты, қараторы, сұсты, күшті-қайратты жігіт болса керек, қалмақтармен болған бір соғыста батыр қимылдап, жауды қирата қырып-өлтіріп, олардың бетін қайтарып, көзге түсіпті. Сол сапары қазақтар жеңіске жетіпті. Сол күннен бастап оны сол соғысқа қатысқан басқалары «Қара сақалды батыр жігіт» немесе қысқартып «Қарасақал» деп атап кетіпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *