Қарасай—Қази

Қарасай—Қази—орақ батырдың ұлдары. ХVI ғасырдың соңына қарай Қырым маңында өз ұлыстарын құрған. Кейін Кавказда да ықпалды ноғай бектері ретінде танылған. Сол заманда қызылбас, қалмақ т.б. көрші халықтармен ымырасыз күрес жүргізіп, ел-жұртын қорғаушы эпикалық қаһармандар. Қос тарихи тұлғаның ерлік, жорықтар жайында қазақ жырау, жыршылары ерекше шабытпен жырлаған. Әсіресе Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарақалпақстан қазақтары арасында «Қарасай-Қази» эпосының 30-ға жуық нұсқалары сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *