ҚАРАКЕСЕК РУЫ

ҚАРАКЕСЕК РУЫ
 Қаракесек
Кәдірқожа жарлы, кедейлеу болып өседі. оның үстіне бір жылдары оның үй-жайы, қора-жайы өртеніп кетеді. «өрт қырсықты ала кетеді»,—деп халық айтқандай, сол өрттен соң атамыздың дәулеті өсіп, ықпалы жүре бастайды. үйге қонақ айналып, той думан жиі болып тұратын қалге жетеді. Бай атанады. Жалғыз ұлы Қаракесек те ер жетіп, жігіт болады. Әкесінің дәулетімен ұлы «Қаракесек бай» атанады, би болады. Кәдірқожа қалың мал беріп, ұлына бір байдың Ханбибі деген қызына құда түсіп, айттырып қойған еді. Сол келінді түсіреміз деп жүргенде қыз үйінде отырып, кімнен екені белгісіз, екіқабат болып қалған дейді. оған дейін Қаракесек атамыз «ұрын» бармаса керек. оған қарамай, құдалардың сыйластығы мықты болуы керек, Ханбибіні Қаракесекке алып беріпті дейді. Келін болып түскеннен соң, көп ұзамай Ханбибі әжеміз бір ұл туыпты, атын Байсары деп қойыпты. Кейін ел ішінде «Атасыз туған Байсары» деп аталып кеткен екен дейді. Байсары үш жасқа толғанда шешесі Ханбибі қайтыс болып кетіпті. Жылын бергеннен кейін, қайын атасы бұрынғы қызының үйінен екіқабат болып келгенін бетіне баспай, алып кеткеніне разы болып, енді үйіндегі жас қызы Қағаз сұлуды (Ханбибінің сіңілісі) қалың малсыз Қаракесекке әйелдікке беріпті дейді. Міне, осы шешемізден Әлім мен Шөмен туыпты.

«Қаракесек» деп Ұланақтың аталу себебі(І нұсқа)
ұланақ туысынан кедей, жарлы болған екен. оның үстіне ұланақтың өзі шатақ, тезқатар болыпты дейді қариялар. осы мінезіне қарай, ол көптен бөлек, оқшау отырады екен. Келген адамға мезірет айтпайды. Бір күні оның қора-қопсысы, үй-жайы
өртеніп кетеді. орнында тек қара кесегі мен күлі ғана қалады. оны көрген адамдар ұланақты табалау мақсатымен: «Әшиінде қара кесегі шығып жүретін сорлының, енді қара кесегіне қосылып қара күлі шығыпты ғой!—деп, «Қара кесек» деп айта бергендіктен, Қаракесек атанып кетеді дейді қариялар.
[Ұланақтың «Қаракесек» аталуы]
(ІІ нұсқа)
Алты аталы Әлім—көп өскен ел. Әлімнің бір баласы ұланақтың жанама аты «Қаракесек» деп атануын шежірешілер былай түсіндіреді.
Қаракесек қартайған шағында кіші немерелерінің бірі ұланақты қолына алып, өз баласы ретінде «сасығым!» деп еркелетіп өсірген екен дейді. Ақырында Қаракесек өлгесін, қара шаңыраққа ұланақ ие болып, өзге жұрт содан оны Қаракесек деп атап кетеді. үлкен Қаракесек, Кіші қаракесек аталу себептері осыдан.
 (Қаракесек руы атануы)
(ІІІ нұсқа)
Қаракесек (ұланақ—Сасықбай). ұраны—Ақпан (әулие). ұланақ—Сасықбай: Есіл, Тобыл (Тепер).
осы екі ұлдан тараған ұрпақтар «Қаракесек» руы атанып
кеткен. оның мәнісі былай еді дейді, Серікбай көкем.
Қаракесек бай (Байсары, Әлім және Шөменнің әкесі) қартайған кезінде жас әйел алып, балалары Әлім және Шөменнен бөлек отырыпты дейді. Бірақ бұл әйелінен бала болмайды да, Қаракесек атамыз Әлімнің тоқалы Күлтебикенің қолында болып, ұланақты—немересін сүйіп, қолына алып, еркелетіп өсіріпті. Күлтебике әжеміз салақтау болса керек, үйі кір-қожалақ сасып жататын еді дейді.
Атамыз ұланақты, құйрық-жалына қызылды-жасылды күл телеп тұмар таққан, әдемі көк сауырлап күмістен шегелеген ер салған, оюлы өрнекті жабу жапқан құнанға мінгізіп қояды екен де, сол Күлтебикеден туған немересін: «Күлтелі сасығым, осы балам бай болады, Сасық бай болады»,—деп, алдына алып отырғанда бетінен сүйеді екен.
Сонан ол бала «Күлтелі Сасық», кейін «Сасықбай» атанып кетіпті. Ал сол Сасықбай (ұланақ) өз әкесі Әлімді атамай: «Мен Қаракесектің баласымын»,—деп еркелеп өсіпті. Ер жеткен соң ұланаққа әйел алып беріп, Қаракесек бай ұланақтың әйелін—келінін жұмсап, осы үйде қартайып, өлгенде осы үйден шығарылып, ұланақ атасының шаңырағының егесі болып қалыпты. осыған орай ұланақтың ұрпағы кейін атасының атымен «Қаракесек» руы атағын иемденіп қалыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *