Керей хан (т. ж. б.—ХV ғ. 70 жылдары)

Керей хан (т. ж. б.—ХV ғ. 70 жылдары)—қазақ ханы, қазақ хандығын құрушылардың бірі. «Тауарих-и гузидайи нусратнаме» деген шығармада көрсетілгендей, орыс ханның немересі, Болаттың баласы. ХV ғасырдың 50-жылдарында Жәнібек ханмен бірге өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін бастап, Моғолстанға көшіп кеткен. Моғолстан ханы Есенбұға оларға Шу алқабынан жер бөліп беріп, Моғолстанның батысында орналасқан жауларға қалқан ретінде ұстамақшы болады. осылайша, Керей мен Жәнібек қазақ хандығының негізін қалайды. Аңыз-әңгімелер мен тарихи деректерде Керей хан туралы толыққанды мәлімет жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *