Жыдай хан, Шағатай (т.ж.б.—1242)—Шыңғыс ханның Жошыдан кейінгі екінші баласы. Жастайынан жорықтарға қатысып, ақылдылығымен, қулығымен көзге түскен. Моңғолдың заң-жосықтарына, әдет-ғұрпына мейлінше жетік болған. Әкесі оңтүстік Алтайдан Әмударияның оң жағалауына дейін созылып жатқан жерлерді Шағатайдың бөлігіне береді. Жазғы жайлауы Алмалық маңындағы Құяш деген жерде, қыстауы Іле бойында болды. үгедей ұлы хан болып сайланғанда Шағатай ханзадалардың ақылшысы болған. Мемлекеттік маңызы бар шешім қарарлар Шағатайдың келісімінсіз қабылданбаған.