Жошы (1187-1227)—хан

Жошы (1187-1227)—хан, қолбасшы, Жошы ұлысының билеушісі. Шыңғыс ханның үлкен ұлы, қазақ хандарының арғы атасы. Жас шағынан әскери өнерді меңгеріп, жаулаушылық жорықтарға белсене араласты. ол әкесінің тапсырмасы бойынша жеке жасағымен 1207-1212 жылдар оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістанды қоныстанған көптеген тайпаларды бағындыруға қатысады. Кейбір деректерде ол 1218 жылы меркіттерді қуып, ырғыз өзені бойында Хорезмшаһтың 60 мыңдық әскерімен бетпе-бет кездесіп, Хорезм әскерін жеңеді. одан соң Сырдария бойындағы отырар, Сығанақ, үзкент, Баршынкент, Жанткент т.б. қалаларды қиратып, Хорезмді жаулауда үлкен орын алған. Халық аңыздарында Жошыны аңға шыққанда құлан теуіп өлтіреді. оның өлімін ешкім айтпасын деген қанышер Шыңғыстың әмірінен қорыққан ел қазаны домбыра сазы арқылы жеткізеді. ұлының қазасын естіген Шыңғыс домбыра көмейіне қорғасын құйыпты. Домбыраның шанағындағы тесігі содан қалған дейді. Қазақ арасында «Ақ сақ құлан» деген атпен кең танылған бүгінде қазақ музыкасы ның інжу-маржандарының бірі ретінде танымал осы саз Жошы ның қазақ даласында болғаны жөнінде жеткен бір аңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *