Едіге

Едіге—ХIV-ХV ғасырларда өмір сүрген түркі халқынан шыққан әйгілі тарихи тұлға. Еділ мен Жайық өзендері бойында құрылған ұлы Ноғай ордасын құрушы әрі оның билеушісі (1396-1419 жж.). Ерекше шешендігімен қоса, батыр әрі қолбасшы болды. ол Алтын орданың бірнеше ханы тұсында тәуелсіз билік жүргізіп, ел басқару істеріне белсене араласты. Дешті Қыпшақ билеушісі Тоқтамыс хан мен Ақсақ Темір арасында ғы саяси талас, тартысты өз пайдасына шешуге ұмтылыс жаса ды. Тоқтамыс өлген соң Ноғайлының әмірі ретінде Алтын ордаға бағынбаған, салық төлемеген русь князьдықтарына қарсы бірнеше рет әскери жорық ұйымдастырып, оларды күшпен ұстап тұрды. Хандық мәртебені иеленуге құқығы болмаса да, өзінің саясаты бойынша әрекет ететін Шыңғыс тұқымы арқылы Алтын орданың айбынды шағын қайта орнатуға күш салды. осы еңбегі үшін есімі көшпелі ноғайлы-қыпшақ дәуірі жырауларының тарихи әдебиетінде «Ел қамын жеген Едіге» деген атпен жырланып, түркі халықтарының, қазақтың тарихи, қаһармандық эпостарының басты кейіпкерлерінің бірі ретінде танымал болды. Кейбір деректерде Едігенің бейіті қа зақ жерінде—ұлытауда деп айтылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *