Бессары-Беріш

Бессары-Беріш
Қыпшақ елінен шыққан Қареке деген бір палуан ұлан-асыр той жасап жатқан үлкен бір жиынның үстінен шығып, күресіп жатқан жігіттерге делебесі қозады да, қарап тұра алмай өзі де күреске қатысады. ұстасқан жігітін әй-шайға қаратпай алып ұрғанда, оқыс құлағандықтан, қабырғасы сынады. Сол жігіт үш күннен соң дүние салған көрінеді. Ел-жұрты оның құнын дауламақ болып, жыққан жігітті іздестіре бастағанын суық хабардан естіген Қареке (шын аты—өтеміс) қашып отырып, Ақжайықтың бергі бетіндегі индер (Ендір) тауының етегін мекен еткен ағайынды, руы Есенғұл-Беріш Асан-үсен дейтін екі жігіттің үйіне кеп паналап, кейін осыларға қолбала ретінде біржола қалып қояды…
Сол Қареке батыс жақтың қызына үйленіп, одан Қосшетер (Қошетер) дейтін бір ұл туған көрінеді. Бала 15 жасқа толып, есейген шақта Қареке өз еліне көшпек болып, жиналып жүрген кезде кездейсоқ науқастан дүние салады. Дегенмен көзі тірісінде жалғыз ұлына: «Біз Кіші атаның елінде өстік, енді ошарыла Арқаға қарай қашуымыз жөн болмас, сен қалсаң, қала бер!»—деп өсиет айтқан екен. Әке өсиетін қабылдаған Қоше тер үйленген соң, одан Арал, Қайып, Мақатай, Көлбай және Бейбіт деген бес бала өрбиді. Қызық болғанда, осы бесеудің бесеуі де сап-сары болып туады. Содан да ел-жұрты оларды бас-басына атап жатпай, «Бес сары» деп атап кетулі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *