Бату—Шыңғыс ханның немересі

Бату—Шыңғыс ханның немересі, Жошының екінші ұлы. Шешесі—Кочу хатун, қоңырат Елші ноянның қызы. Бату 1227 жылы Жошы өлгеннен кейін Шыңғыс ханның ұйғарымымен Жошы ұлысына билеуші болып тағайындалып, Алтын орданың негізін қалайды. Ертіс пен Дунай өзендері аралығында орналасқан Жошы ұлысын Алтын орда мемлекетіне айналдырды. рубруктың жазуынша өте қатал әрі «яса» ережесін берік ұстаған қолбасшы. Қазақтар Батуды «Сайын хан» деп те атайды. Халық арасында «Ер Сайын», «Сайын батыр» деген батырлық жырлар кең тараған. Бату ханның артында Сартақ, Тоқан, Әбуқан, улақшы атты төрт ұлы қалған. Мазары Еділдің сағасындағы аралдардың бірінде орналасқан Сарай қаласында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *