Баба түкті Шашты Әзіз—қазақ эпостары мен ертегілерінде кездесетін киелі кейіпкер. Бұл кісінің батасын алған перзентсіз жандар Алланың құдіретімен ұлды, қызды болып жатады. Аңыздардың бірінде оның есімі Баба Туклас деп көрсетіледі. Әкесі—Керемет Әзіз. Мұсылмандар арасында Әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар ең алдымен Мұхаммедтің, онан кейін Әли Мұртаза Сейіттің, содан соң Баба Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба түкті Шашты Әзіз—Қожа Ахмет иасауидің арғы бабалары, ислам діні орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген деген болжамдар бар.