Адам ата, Хауа ана—діни аңыздар бойынша, Алла Тағаланың топырақтан жаратқан алғашқы адамы. Балшық мүсін ұзақ жылдар жансыз тұрады. Ақырында Алла Тағала Адамға жан кіргізеді. Адамның бір қабырғасынан Хауаны жасайды. Алғашында екеуі періштелер қатарында болып, олар дың ара сында беделді, құрметті орынды иемденеді. Періштелер Алланың жарлығы бойынша, Адам мен Хауаға бас иіп, ғибадат етеді. Бірақ Ібіліс атты періште бұл жарлықты орындаудан бас тартады. Сол үшін Алла Тағала Ібілісті жұмақтан қуып жібереді.
осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан өш алудың жолын іздейді. Ақырында олар Ібіліс шайтанның сөзіне иланып, алдауға түсіп тыйым салынған жемісті жейді. осы күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен аласталып, көктен жерге түсіріледі. олардан бүкіл адамзат тарайды.