Өкіреш туралы аңыз (ІV нұсқа)

Өкіреш туралы аңыз (ІV нұсқа)
орта жүзде Қарақожа тақуалығымен, «Ақсопы» мырза лығымен «Атымтай», әділеттілігімен «Қазы» деп аталған. Қарақожаның өзінен, яки баласынан Найман туған. Найманның баласы—өкіреш, бағзылар «өкіреш» лақабы дейді, оған мынадай мәтел де айтады:
15-85
«өкіреш атты Найман-ды, Қартайғанда қыз құшып, өкіреш атын алған-ды».
Найманның Шұбартай атты жалғыз ұлы болып, жасында опат болған. «Есті келін» деп аталатын оның әйелі ерге шықпай, қайын атасы Найманның қолында отырған. Бір күні атасы дәретке шыққанда зәрдің орны көпіріп қалған екен. оны көріп келіні: «Атамның әлі бір балалық қуаты бар көрінеді»,—деп, атасына әйел алдырған. ол кезде қарттың жасы тоқсаннан асып кеткен. Сонда, әйеліне қосылып болған да, қырылдап жатып, жан берген. Соңында әйелі бір ер бала тауып, атын өкіреш қойған. өкіреш өскен соң әлгі жеңгесіне үйленіп, онан Сүгірше туған. Сол кезде Арғынның алты ұлы Шұбартай өлген соң: «жесірімізді аламыз!» деп, кезінде көп таластар, дау-дамай өтіп, тіпті дау күшті болғаннан уәзірлер де екі дай болып, ханның өзі араласып, келісімге келтірген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *