«Өкіреш» деген лақап аттың шығуы

«Өкіреш» деген лақап аттың шығуы 
(ІІІ нұсқа)
Найманнан туған төрт ұл: Тоқпан, үйелеш, Күйелеш, Сартсопы майданда жаугершілікте өліп, Найманбайдан туған Ел тай ауыр жарақатты болып, үйіне найзаға салып әкеледі. Найман ның төрт ұлы бірдей өлген соң Найманда ұрпақ қалмайды.
Тоқпан жиырма алты жасында өліп, әйелі Ақсұлу жиырма екі жасында жесір қалады. Алатын әмеңгері болмаған соң, ажарына қызығып Арғын, Қыпшақ жігіттері алмақшы болып, сөз салады. Ақсұлу бұларға көнбей, «атамның орын жоймаймын» деп, атасының сексен жасқа келсе де әлі де қайраты бар екенін сезіп, он жеті қараны қырқа матап беріп, Дәмелі деген қызды алып береді. Ақсұлу Дәмеліге «Қызене» деп ат қояды.
Бір жылдан кейін Қызеней жүкті болып, ай күні толып ұл туады. «Артымда қалатын белгім»,—деп, қуанғаннан өкіріп жылаған Найманның жүрегі жарылып өледі. Ел жиналып, баланың атын Белгібай деп қайыпты. Сондықтан Найманның өкіріп жылап өлуіне байланысты, Белгібайдың қосалқы лақап аты «өкіреш» болыпты. «өкіреш» деп лақап аттың шығуы осыдан еді дейді.
Белгібай он бес жасында отыз жеті жастағы жеңгесі Ақсұлу ға некеленеді. Найманның жылын берген соң, әулеттен басқа адам болмаған соң Дәмеліні Найманбайдың баласы Елтайға қосады (Елтайдың бірінші әйелінен бала болмайды). Ақсұлу: «Атам ның орнына маған ата болдың»,—деп, Елтайды «Елата» деп ата ған. Елтай мен Дәмелі қосылған соң бір ұл туады. Белгібайға серік болды деп, ұлдың атын «Серікбай» деп қояды. одан кейін тағы бір ұл туады, оның атын «Қоңырат» деп қояды. Сонымен, Ел-атадан Серікбай, Қоңырат деген екі бала болады. Белгібаймен Ақсұлу қосылған соң бір ұл туады атын «Сүйінші» деп қояды. Бұдан кейін Ақсұлу тағы бір ұл туады атын «Сүгірші» деп қояды («Бергеніңе шүкірлік!» деген мағынада еді дейді).
Ақсұлу: «Мен жеңге алған әйелің едім, енді қыздай ал!»—деп өз сіңлісі Тоқсұлуды қосады. Бұдан Саржомарт туады. Сүйтіп, Белгібайдың Ақсұлу, Тоқсұлу деген екі әйелінен Сүйінші, Сүгірші, Саржомарт деген үш ұлы болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *