Әлпештің Өкірешке тиіп, Найман ұрпағын сақтап қалуы

Әлпештің Өкірешке тиіп, Найман ұрпағын сақтап қалуы
(V нұсқа)
Найманның осы үш баласы жаугершілікте өліп, Әлпеш деген он жеті жастағы келіні жесір қалған. Найманның мұны алатын баласы болмаған. Туысқандары Арғын, Қыпшақ балаларының алғысы келген Найманның келіні Әлпеш: «атамның атын жоғалтпайым» деп, қырық жетіні қырқа матап беріп, бір қыз алып береді. Найман бұл уақытта жетпістің ішінде еді. Алып берген қызды «маған қыз ене болды» деп, атын «Қызене» деп атады. Қызене жүкті болып, алты ай отасқаннан кейін Найман ауырып өлім халіне келеді. Содан соң Арғынның баласы Қарасопыны шақырып алып: «Жасым жетпіске келіп өкіріп жылап жүргенде көрем бе деген балам еді. ұл туса, атын «өкіреш» қоярсындар»,—деп өсиет етеді.
Найман өлгеннен кейін Қызене ер бала туады, атасының өсиеті бар еді деп атын өкіреш қояды. Бұдан кейін Қызенені Ақсопының інісі Елтанға қосады, Бұдан Қоңырат туады, «Найман—Қоңырат» деп аталуы осыдан. өкіреш ер жетіп, он үш жасқа толған соң Әлпеш осыған неке қидырып тиеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *