Әлпештің Өкірекке қосылып мұратқа жетуі
(VІ нұсқа)
Найманның соңғы уақытында Ақсары дейтін баласы Әлпеш дейтін қызға үйленеді, бірақ көп ұзамай Ақсары өледі. Әл пеш он жеті жасында жесір қалып, атасы қарт Найманды бағып отыра береді. Найманның атастыруға басқа баласы болмаған соң, туыстарынан Тоқпан дейтін бір жігіт-баланы еншілес інісі әрі бала етіп асырап алады. Тоқпанға келіні Әлпешті қоспақшы болғанда, Әлпеш: «Асыранды балаңа тимеймін. өз ұрпағың болса, кім болса да тиер едім»,—дейді.
Ел-жұрты мұны естіп, Найман шалға Күлше дейтін он тоғыз жастағы қызды алып береді. Найман сонда сексен жасында. Сол Күлше біраз уақыт өткеннен кейін екіқабат болып, бала көтереді, бірақ Найман шал бала тумастан үш ай бұрын өледі. өлерінде келіні Әлпешке өсиет етіп тапсырады: «Әйелім Күлше ұл туса, атын өкірек қойып, өз қолыңа алып өсір, түбінде игілігін де көрерсің!»—деген екен. Найман шал өлгеннен кейін әйелі Күлше бір ұл туады, атын шалы айтқан «өкірек» қояды. Баланы келіні Әлпешке береді, Күлше өзі үйіңдегі қайнысы Тоқпанға қосылады. Әлпеш өкіректі он екі жасқа дейін бағып өсіріп, ақырында өкіректі «өз қайным» деп сол балаға қосылып, мұратына жетіседі.