Әлеуке
орта жүз Тарақты тайпасы он екі рудан құралған. олар: Қыдыр, Жәші, Әлі, Сары, Әйтей, Қосанақ, Қарашие (Көгедей), Келіс (Әлеуке), Алакөз, Шәуке, Апай, Тоқтауыл рулары.
Шежіре дерегінде Келістің әйелі Әлеуке деген кісіден ұл бала болмапты. Содан, өзімен қадірлес күндесінің (Келістің екін ші әйелі) баласын етек астынан жерге түсірмей көтеріп алып, бауырына басқан екен. Сол баланың өсіп-өнген тұқымы Әлеуке апасының есімімен аталып кетіпті.
Қария сөздің келесі бір нұсқасы бойынша Әлеуке Қарашиенің (Көгедей) бәйбішесі еді дейді. Ал Келіс Қарашиенің тоқалынан туған бала болса керек. Әлеуке бәйбіше бала көтермеген соң Келісті бауырына басып, бала етіп алыпты.
Әлеуке бәйбіше ақылды да алғыр, адуын адам болыпты. Әулет-атаға ғана емес, ауыл-аймаққа сөзін өткізіп, билігін жүр гізіп отырады екен. Ақылды бәйбішесін Қарашие де беті нен қақ пай, қайта мақтан тұтып, «бәйбіше біледі» деп отыратын болыпты.
Содан, Қарашие қартайып, есейген балаларына енші бөлер де Әлеуке бәйбіше: «Тоқалдың балалары өз алдына еншілес бола берсін, менің баламның еншісін бөлек ата!»—деп, Келісті же ке-дара енші иесі етіпті.
он екі ата тарақтының ішінде Келістің (Әлеукенің) өз ал-
дына бір ата болуының және «Әлеуке-Көгедей» деп екі атаның қатар аталуының сыр-себебі осыдан еді дейді