Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамасының ережелерін бір қаттар елдердің өмір тіршілігінде практикадан өткізу консервативтік күштердің қарсылығына тап болды және оны күресте жеңе отырып мемлекеттік жіне қоғамдық қызыметтің барлық жағының терең жаңғыруымен бірге жүрді – мемлекетік жүйенің принциптері жетілдірілді , жеке адамның міртебесі айқын мазмұнмен толықты , құқықтық құндылықтар бірінші дірежелі маңызға ие болады, шенеуліктердің бассыздығы азайып , олардың қызыметі біртіндеп реттелген жіне тіртіптелген арнаға түсе бастады.
Адамзат қоғамындағы саяси дамудың жаңа кезеңінің белгісі құқықтық мемлекеттер « отбасының » пайда болып , көбеюі. Бұл – мемлекеттік –құқықтық теория мен практиканың ғажап жетістігі, бүгінгі заманға өркениеттің орнығуы. Құқықтық мемлекеттер өзінің өмір сүру фактісімен , өмірдің барлық саласындағы күнделікті табысымен басқа елдерге бағдар болуда , оларға әділетті адамгершілік қоғам құрудың жолын көрсетуде.
Ең дұрысы бұдан былай құқықтық мемлекеттердің саны әлемде этатистік мемлекеттердің санының азаюы есебінен өсетін болады. Бірақ бұл – қарапайым түрде түсіндіруге болмайтын дамудың жалпы тенденциясы. Әр түрлі елдерде әлеуметтік – саяси күштердің айқын ара қатнасына байланысты болжауға қиын өзгерістер болуы мүмкін, бұл өзгерістер, мысалы құқықтық мемлекеттің деңгейіне жетіп, сосын кенеттен олардан кейінгі орнаған тоталитарлық немесе авторитарлық режимдер жағынан қарай бұрылып кететін жекелеген елдер жоғарыда көрсетілген дамудың жалпы тенденсиясына жатпайды. Тұтас алғанда прогресс заңды және оның бейнесінің бірі құқықтық мемлекет принциптерін нығаюы болып табылады.[