Құрман-Қыпшақ Апай

Құрман-Қыпшақ Апай
Керекуге жиырма бес шақырым жерде «Құрман тұзы» де ген тұз бар. Сол Құрман Қыпшақ екен де, өзі мейілінше бай болған екен. Жылқысының есеп санын өзі де білмейді. Жалғыз ба ла сы болыпты, «бөрі тонды, бөрте атты» атанған жылқышы сы болыпты. Малға шын жаны ашып қарағандықтан, жылқы билігі сонда болыпты. Байдың жалғыз баласы сері болыпты. он жігітпен жүреді дейді.
Жазғытұры бие құлын төгіп жатқанда бай баласы он жігітімен жылқы аралапты. Жаңа туып жатқан қара құлынды сойып, терісін ала беріпті: «осы жүрген он бір жігіт бір түсті қылып, қара құлын жарғақ киеміз»,—деп. Бөрі тонды бөрте ат ты жылқышы мұны көрген соң іші күйіп, жылап байға келіпті:
—Бай, маған батаңызды беріңіз, бұл малға менің иелігім болмады. Мына қорлықты көріп жүргеннен, қаңғып өлгенім артық,—деп.
Бай жалынып-жалпайып тоқтата алмайды.
—Мен ризамын, осы жылқының қақ жарымын ал да, өзің маған риза болып кет!—депті.
—Жоқ, бай, бір тай да алмаймын, батаңды бер!—дей беріпті.
—Жоқ, балам, дәнеме алмай кетсең, бата да бермеймін, ризалығым жоқ,—депті.
—Ендеше, бір теңбіл көк айғыр бер, үйірінде бес байталы бар, соны берсеңіз болады,—депті.
—уа, шырағым! Көбікті көктің тұқымы еді. өзімнің аузымды көбікті саумалға тигізген жануарым еді, ала ғой, ала ғой! Мал қадірін білмейтін қу жалғызда болғанша, мал қадірін білетұғын сенде болсын!—деп, батасын берген екен.
Сонан соң Ертістің бір жағына өтіп, Апай деген жесір қатын ның қызын алып, онан бес ұл туады: Келден, Қыстау, Қақа, Сатыбалды, Жаңбыршы. Мал мен басы таласып өсе бас тай ды. «Көбікті көк» атанып жүргені—биеге шапқанда, биенің үс тінен айғыр түскенде ақ көбік шұбалып, үзілмей ағып тұрады екен. Соны Бөрі өзі тосып алып, балаларына әкеліп жалатады екен. Бір баласы жаламайды екен. Сол жаламағанның ұрпағы ана төртеуіндей болмай, жарлы-жақпай, өсімсіз-өнімсіз болды деседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *