Қыпшақ туралы аңыз
(ІІІ нұсқа)
ұлы патшалардың алыс сапарға шыққанда әйелдерін алып жүретін әдеттері болатын. осы әдетпен нөкерлерінің кейбіреуі де әйелдерін ала жүруші еді. оғыз ханның бір бегі де әйе лін алып барып еді. өзі ұрыста өліп, қатыны қашып құтылып, екі судың арасында тұрған ханның артынан жетті. Әйел жүкті еді. Толғағы келді. Күн суық еді, кірейін десе үй жоқ, бір іші шіріген үлкен ағаштың қуысына босанды, ұл тапты. Мұны естіген хан: «Әкесі менің көз алдымда соғыста өлді, қамқоршысы жоқ» деп атын «Қыпшақ» қойып, өз қамқорлығына алды. Түркі тілінде іші қуыс ағашты қыпшақ дер еді, бұл бала ағаш ішінде туғандықтан, атын Қыпшақ қоюы содан еді. Бұл кезде іші қуыс ағашты «шыпшақ» дейді. Қара халық тілі келмегендіктен «к»нің орнына «ш»-ны айтып кеткен. Бұл баланы хан өз тәрбиесінде ұстады, жігіт болғаннан соң көп ел және нөкер беріп, оғыз ханға жау болған орыс, олақ, мажар, башқыр елдеріне жіберді. Қыпшақ үш жүз жыл Дон мен Еділ атты екі үлкен өзеннің жағасында патшалық етті. Барша Қыпшақ елі соның нәсілінен шықты. оғыз ханның заманынан Шыңғыс ханның заманына шейін Дон, Еділ, Жайық аталатын бұл үш судың жағасында қыпшақтан өзге ел жоқ еді, ол жерде қыпшақтар төрт мың жылдай отырды, сондықтан ол жер «Дешті-Қыпшақ» («Қыпшақ даласы») деп аталды.