Қаһарлы Қарқымбай (Жанақ) балалары
Бәйбішеден—Қарқымбай. Жанай—екінші алған қатын нан жалғыз. Екі қатыннан «Екі жалғыз» атанған. Қарқымбайдың қатыны бала көтермей бедірейіп, қалшиып тұрып алыпты. Бір күні Қарқымбай қасында тізелесіп отырған қатынын:
—Сен бала таппайтұғын немені біржолата жоқ қылайын,— деп, пышағымен періп қалғанда, пышақ қатынның қара санынан кіріп, қатын жүрегі қозғалып, талып қалыпты. оттың басын телегей-теңіз қан қаптап кетіп, үш ай қозғалмай жатып, әйтеуір, өлмей қалып, жазылып түрегеліп, соның артынан итше күшіктеп, тұңғышының атын Күшікбай қойып, онан кейін Ата би, Анай, Айқасқа, Әбіт туыпты.