Қаржау руы
Мен өзім Пабладарда тұрдым. Керекудің о жақ, бұ жағына да қатынап жүрдім. Шежіреге жүйрік, айта білетұғын жанды таба алмадым. Бұрын жазып алып жүргендер кім көрінгеннен сұрап, айтқанын жазып ала берген. Менің сұрыптап, ақ тарыдай ақтарып жазғаным—осы.
Ақмайдан, Бекмайдан, Тоқмайдан. Ақмайданнан—Көкше көз. Бұл Көкшекөзден: Бәйімбет, Бейсен, Жаманай, Қоянбай, Кө шен, Шөрек, Таңатар. Бейсеннен: Таз, Бүкі, Шоқай, отай, Ма тай, «Бейсеннің бесеуі» дейді. Матайдан: Қаржау, өмір, Қойбақ.
Бұл өмір би қара қылды қақ жарған, ауыл биі болып атағы шығыпты. Мұның бір қара төбеті болыпты, төрінде жатады екен. Төрт аяқты, қайқы құйрықты болғаны болмаса, «ит» деп жанның аузы бармаса керек. өмір би «құтым, құтым» дейді екен, сонан «Құтым» атанып кетсе керек.
Бір күні аузы кең, сөзі тең бір бастас би қонып отырып сұрайды дейді:
—Мұны мұнша ардақтап ұстағаныңыз қалай?—деп.
Сонда өмір би айтты:
—Бұл ит жазғытұрым мал жас төлін төгіп жатқан кезде жас қозыны, жас лақты, жас бұзауды, жас құлынды, жас ботаны алып келеді. Алып келгені мал болып, өсіп-өніп малға қосылады, өзімді ебдейсіз байытты. Жалғыз-ақ бір басты, екі аяқты адам баласын ап келген жок,—депті.
осы сөзді айтқаннан кейін қара төбет жоғалып кетіпті. Бір жұмадай жоқ болып кетіп, бір күні құндаққа оралған бір жас бала алып келіп, еркелеп тұр дейді. өмір би: «Бұл—Құтым алып келген Құттыбайым!» деп ат қойған. Сол Құтымбай өзі өсіп-өніп Қаржауды көбейтіп, берекелендірген осы Құтымбай деседі.