Қарауыл
Боттыбайға Қарауылдан бір жігіт келіп, сіңіп тұрып қалыпты. өзі әр нәрсенің жөнін білетін, онымен бірге күн есебін, әуе райын байқайтын есепші болыпты. Бір үлкен жұтта ел жұтап қалғанда, Боттыбайдың жылқысын басшы боп бағып, алыс жақсылық жерге апарып, аман, семіз, күйлі қылып әкеп берген екен. Сонымен байдың қолайына әбден жаққан соң, бай Дәулетбике деген көп ұлдың ортасындағы жалғыз қызын екі жүз еншіменен сол жігітке беріпті. Сол жігіттен Аяз, Дос деген екі бала туып, лашынқара, Есқара деген ел болып, бұрынғы Қарқаралы үйезі Кенші болысында тұратын Қарауылдар— осылар. Сондықтан бұларды «Қызшор» деп атаған және «Дәу летшор» деп те айтылады.